«Қазақ ісін» зерттеген журналист

Қазақ халқының басына нелер келіп, нелер өтпеді десеңізші. Репрессия қырғынын жүзеге асырған кеңестік билік қашанда қазақтың маңдайалды һәм алдыңғы қатарлы тұлғаларына тісін батыруын еш тоқтатпаған.
Қазақ халқы бастан кешкен қилы кезең­дер мен саяси репрессиялардың соңғысы Г.В.Колбиннің республика бас­шылығына келген 1986 жылдың желтоқсаны мен 1989 жылдың маусым айы аралығындағы мезгіл еді. Ол 1986 жылғы жастардың Жел­тоқсан көтерілісіне республиканың бұ­рын­ғы басшысы Д.А.Қонаевты кінәлі етіп шығару үшін барлық құйтырқы, заң­сыз әрекеттерге барған. Мұның бар­лығын сол кездегі тергеу амалдары мен сот мәжілістері тұрғысындағы құжат­тар­ды терең зерттеп-зерделеген Көлбай Адыр­бек­ұлының «Казахское дело» аталатын зерттеу мақалалары жан-жақты ашып берді. Қонаевтың кадрлары деп елдің беткеұстар зиялыларын «қонаев­щина», «ұлтшылдар» атап, Шым­кент об­комы­ның бұрынғы бірінші хат­шысы А.Ас­қаровты, онымен қызметтес болған­дарды «асқаровшылар» деп жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқандығы туралы сөй­лей­тін мұрағат материалдары да  – осында. Одан бөлек, ұлттың біртуар ұл­дары Ө.Жол­дас­беков, С.Әшімбаев, Т.Қо­жаке­ев және Жел­тоқсан көтерілісіне қа­тысқан жастар – Қ.Рыс­құлбеков, Ж.Сәби­­това, Н.Са­билья­нов, М.Әбдіғұлов және сол көте­ріліс жөнінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңе­сінің арнайы құрылған комиссия­сының тең төрағасы М.Шаханов туралы мұра­ғат дерек­терге сүйеніп, қилы да қиын тағдыр­лар жөнінде жазған қызықты жайлар баяндалады.

Иә, сол бір аумалы-төкпелі уақытта «Іштен шыққан жау жаман» демекші, өзіміздің кейбір зиялы қауым өкілдері елімізге кездейсоқ басшы болып келген Г.В.Колбин мен оның жандайшаптарына жағымпазданып, ұлты, тілі үшін басын бәй­геге тіккен жанашыр азаматтарға ор қазып бергені өкінішті. Бұл туралы Көлбай аға өз зерттеу мақаласында: «Жаны ашы­мастың қасында басы ауырмастың» кері осы шығар. Алайда Желтоқсан көтерілісінің жан жарасы арада жиырма бес жыл өтсе де жазылған жоқ. Сыздап жаныңды жегенде бәрі де еске түседі. Кімнің кім бол­ға­нын таразыға салып бағалайсың. Халық­тық қасіретке күле қарағандарды қайтіп құрметтейсің. Жалпы, ондай жандарды кешіруге бола ма?..» – деп тебіренеді. Ал Д.Қонаев «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген естелігінде: «...Сілкінсем қайтеді деген бір ой түрткіледі. Ашынған тілді келеді. Айтсам, айтайын дедім. Бірақ оның немен тынатыны өзіме аян. Оның үстіне жағдай басқа. Батылы жетіп біреулер қол­даса, дұрысты дұрыс деп айтса жақсы. Әй, қайдам-ау... Іштен қолдаса қолдар. Бірақ тар жерде қол созамын деп, жеп отырған нанынан ешкім айырылғысы келмес. «Тура биде туған жоқ» дейтін заман жоқ» деп ой қозғауы бекерден-бекер емес.
Әрине, «Казахское дело» – мұрағат мате­­риалдарын ақтарып, құжаттарға ұзақ уақыт телмірудің жемісінен туған дүние­лер топтамасы. Зерттеу мақала, аты айтып тұрғандай, аса ыждағаттылық пен терең сараптама жасауды қажет етеді. Көлбай ағаның алдына қойған мақсаты да осы болатын. Әлі де болса жабулы қазан жабулы күйде қалған ақиқи шындықтың бетін ашуды келешек ұрпақ алдындағы борышы санаған Көлбай Адырбекұлы күн­діз-түні сол құнды деректерді қағаз бетіне түсіруден еш жалықпады. Әрі оны халық­аралық «Түркістан» газетіне 2000 жылдардан бері тұрақты жариялап та жүр.
Көлбай Адырбекұлының газет бетінде бірнеше жылдар бойы жарияланған зерт­теу еңбегі – «ХХ ғасыр: соңғы репрессия (1986 желтоқсан – 1989 шілде)» атты кітап болып басылып шыққаннан-ақ оқыр­мандарға тез тарап кетті. Оны әлі де сұрап жатқандар көп. Сондағы бар тілегі – бұ­рын-соңды ашық әрі тиянақты түрде жа­рияланбаған мұрағат материалдарына сү­йеніп, зерттелген мақалалардың оқыр­манға тез жетіп, көзін ашу еді. Күн сайын газет редакциясына телефон шалып, «Казахское делоның» келесі кейіпкері кім, қай санға шығады?» дейтін көзі ашық оқыр­мандар – солардың қатары­нан. Бұл әуелгі кезекте оқырманға не керектігін дөп баса білетін Көлбай ағаның табанды батылдығы мен адам сүйсінерлік еңбекқорлығының жемісі шығар. Ол кісі қашанда газет редакциясы табалдыры­ғын аттаған кез келген жас журналистің шыңдалуына жол көрсетіп, шәкірт баулудан жалыққан емес. Тіпті журфактың оқытушылары айта бермейтін ақыл-кеңесті үйіп-төгіп құлағыңа құйғанда, өзің де Көлбай ағаның пейілінің ақ екендігіне тәнті боласың.
Ол республикаға белгілі өнер адамдары туралы да қалам тербеді. Кейінгі жылдары «Үш мысал, бір түйін» мақа­лалар топтамасы да, Оралхан Бөкей бастаған «Ауыл хикаяларын» да жал­ғастырған қалам­гер. Кәдуілгі қоңыр ауыл­дағы қара­пайым адамдардың образын жан-жақты ашуға тырысқан қызықты әң­гімелері оқыр­манның жүрегінен жол тауып жүр.

Қаперге!
Көлбай аға «Казахское дело» зерттеу еңбегі үшін өз бағасын алып, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығына ие болды. Бүгінде алпысты алқымдаған журналист «Түркістан» газеті негізін қалаған уақыттан бері тынбай жұмыс істеп келеді. Оның газет бетінде «Казахское дело» зерттеу еңбегінен бөлек, қазақ халқының тарихи тұлғалары: Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, Е.Ешмаханов, Қ.Жұбанов және тағы басқалар туралы жазғандары да өз алдына бір төбе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста