Қазақ филармониясы – 75 жаста

Сан ғасырлар бұрын көшпелі тұрмыс салтын кешкен елімізге, сахара­мыз­ға келген саяхатшылардың «қазақ даласы ән салып тұрғандай» деуі бекер емес. Ешбір мәдени ошағы болған жоқ дер жан болса, біз ол тұста әр қазақ ошағының ән мен жыр ордасына айналып жүре бергенін алға тартар едік. Ол көшпелі өмірдің қазаққа берген сыйы болды десек бола­тындай. Десек те, заманалар алға озып, қазақ отырықшы болғандық­тан, тек сауда ғана емес, ән мен жырдың, қазақы салт-дәстүрдің ордасы бол­ған жәрмеңкелердің күні озды. Оның орнын театр, филармония, кітапхана т.б мекемелер басты.
Алғаш іргетасын Ахмет Жұбанов атамыз 14 домбырашыдан бастап құрған Қазақ филармониясына – бүгінде 75 жыл. Жет­піс­тің үстіне шыққан қариясын қазақ ақсақал деп қастерлейтін болса, Қазақ филармониясы да қазақ мәдениетінің қара шаңырағы деуге әбден лайық. Қара шаңы­рақтың мерейтойына арналған салтанатты кеш-еліміздің мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің арнайы жолдаған хаты­мен ашылды. Сонан соң Республикалық кітап мұражайының директоры Нағашыбек Қапалбеков филармонияның арғы-бергі тарихы жайлы баяндама жасады.
1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өне­рі­нің онкүндігіне Жамбыл атамыз бастап барып, содан 1938 жылы осы филармония­ға атамыздың атын берген болатын. Содан бастап ұжым ұлғая бастады: хор капелласы, оркестр қосылды. Сол кездегі шағын ғана оркестр осы бүгінгі Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің атасы болатын. Филармония құрылған алғашқы күннен бастап-ақ ауыл-ауылдарға барып, лекция концерттер ұйымдастырып, қазақ компози­торларының шығармаларын насихаттауға кірісті. Соғыс кезінде де Күләш Байсейітова, Жамал Омарова сынды маңдайалды өнер­паздарымыз оқ борап жатқан майданға барып, жауынгерлерге арнап концерт бер­ген. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда қандай да бір шаралар осы бір ұжымсыз өтпеген. Бірінші директоры әрі көркемдік жетекшісі Ахмет Жұбанов болса, кейінгі жылдары Евгений Брусиловский, Сыдық Мұхамеджанов, Ілияс Есенберлиндер осы­нау қара шаңырақта алақандарының табы мен табандарының ізін қалдырған.
Бір туған бауырлардай, бірі ит көйлекті ерте тоздырғаны, бірі кейін тоздырғаны бар, М.Әуезов атындағы театр ұжымы бастаған мәдени ошақ басшылары келіп, бірауыздан Қазақ филармониясын мерей­тойымен құттықтады. Әрине, ән мен жыр­дан, классикалық музыкадан концерт қойыл­ды. Атап айтқанда, сахнада Н.Тілен­диев атындағы Академиялық фольклор­лық-этнографиялық оркестрі, Нұрағаңның көзі, өз кіндігінен туған қызы Динара Тілендие­ваның жетекшілігімен компози­тордың «Ата толғауы», «Махамбет» секілді күйлері мен Нұрғали Нүсіпжановтың орын­дауындағы «Өз елім» әнінен шашу шашты. Сондай-ақ құрамында скрипкадан елімізге белгілі музыка шебері, ҚР еңбек сіңірген қайрат­кері Аида Аюпова бар және халықа­ралық байқаулардың жүлдегері Ермек Құрманаев және Гүлжан Үзенбаевалар  А.Бестібаевтың «Ақ сисасын», Н.Римский-Корсаковтың «Полет шмелясын» орын­да­ды.
Ал ең маңыздысы, кейінгі жылдары Қазақ филармониясының алыс-жақын ше­т­елдермен маман алмасып, ол жақтардан бізге дарынды да тәжірибелі музыканттар мен дирижерлер келіп, өнер көрсете бас­таған. Әсіресе Австрия елімен байланы­сымыз жоғары дәрежеде екендігін айғақ­тайтын бір жайт, сол елдің астанасы Вена қаласының мәдениет басқармасының бастығы Хайдар Саридің келуі соған айғақ болғандай:
– Бүгін мәдениет саласында қызмет ететін әріптестеріме бас иіп,тағзым еткім келіп тұр. Себебі сіздер ол жұмыс­тың қан­дай ауыр екенін білсеңіздер ғой. Егер оркестр бір қате жіберсе, онда бүкіл кон­церттің маңызын жойып жібереді. Міне, қандай жауапкершілікті жұмыс! Ал біздің Қазақстанмен байла­нысып жұмыс істеп келе жатқанымызға жеті жылдай уақыт болыпты.Бүгінде осы шаңырақты басқарып отырған Мұхтар Жамашұлы алдымен өз жүре­гінің, сонан соң осы есікті айқара ашты. Біз тіліміз әрқалай болғанымен, музыка тілі бізді ортақтастырып жіберді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста