Қарақат Әбілдина өнердегі досы Алтынай Жорабаеваның қатты өзгеріп кеткенін айтты. Оның айтуынша, Алтынай бұрын ешкіммен араласпай, тіпті жарқырап киінбеген екен.
Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.
"Алтынай көп өзгерді. Ол осыдан үш жыл бұрын Астанаға келгенде басқа Алтынай болатын. Қазір ол қатты өзгерген. Ол бұрын кішкене жасықтау болды ма, көп нәрсені ішіне сақтап жүре беретін. Ішінен тынатын. Ешкіммен араласпаған да екен, жарқырап тіпті киінбеген де екен, достары да аз болды.
Бала үй, жолдасының жағдайын, қас-қабағын бақты. Айтылған уақытында концертке барды, одан қайтты. Ал қазір өзін әйел ретінде сезініп, уақытын өзіне арнап жүр. Білесіз бе, әйел затына ол керек. Жүректің тыныштығы, өзіңнің әйел екеніңді сезіну.
Тіпті өзің дүкен аралап, кішкене нәрсені болса да өзіңе таңдап алу - әйел заты үшін керек нәрсе. Жүректің тыныштығы, құлақтың тыныштығы", - деді ол.
Еске салсақ, Алтынай Жорабаева өткен аптада өзінің жеке шығармашылығын өткізген болатын.