Қарақат Әбілдина, әнші: Көрерменнің ықыласымен ғана біз әнші болып жүрміз

- «Қарақат» студия-мектебіңізді келешекте облыс орталықтарынан ашу жоспарыңызда бар ма?
- Ол енді киім тігетін не зергерлік бұйым жасайтын орталық емес қой. «Қарақат» студия мектебі дегеннен кейін бәрі мені көргісі келеді, менен үйренгісі келеді. Менің сабақ бергенімді қалайды. Еліміздегі әрбір облыс орталығынан ашқым келетін ниетім бар. Мәселен, Шымкент өңірінен. Бірақ осында келіп тұра алмаймыз ғой. Ол жағы қиындау енді. Қанатымызды қатайтып, керегемізді кеңейтіп, үлкен табыстарға жетіп жатсақ әбден мүмкін.
- Алдағы уақытта сахнада жетігеннен басқа қандай аспапта ән айтып шығуыңыз мүмкін?
- «Бәрі мүмкін, пендесі көп жалғанда» дейді ғой. Оның бәрі сюрприз болсын. Өнер адамдары ондай сырларын аша бермейді. Осыдан бес жыл бұрын өткен концертімде «қайтсем өзіме ғана тән жаңалық көрсетсем екен» деген едім. Фолкльормен, эстрадамен айтып жүрмін. Домбырамен де айттым. Енді өзімнің бір жаңалығым болса деп жетігенді қолға алып бастап едім. Ол қиын да күрделі аспап. Ізденістеріміз таусылмайды. Шаңқобызда, сазсырнайда да ойнаймын. «Қалауын тапса қар жанар». Реті келіп жатса, үйлесімін тауып жатса, қанекей.
- Отбасылық жағдайыңызбен сахнаны бірге алып жүру қиындық туғызбай ма?
- «Өнер жолы - ауыр жол» дегенді бұрыннан айтып жүрсек те, шынын айтқанда сезінбейді екенбіз. «Әйел қырық жанды» деген сөз тағы бар. Оның мәнін енді түйсінгендеймін. Емізулі баламды алып, гастрольдік сапарға да шықтым. Ұшып қонудың өзі қиямет. Жолдың өзі шаршатады. Баламенен түні бойы ұйқың қанбай шығатыны ол бөлек әңгіме. Ертесіне мыңдаған көрермендерің күтіп отырады. «Менің ұйқым қанбап еді. Жолдан шаршап келіп едім» дей алмайсың. Өзіңе өзіңе стилист, шаштараз боласың. Оның барлығына бірдей үлгеру оңай емес. Елді жинап сахнаға шыққаннан кейін саған қадалып отырған жанарға, көңілдерге, жүректерге тек қана қуаныш сыйлауың қажет. Көрерменнің көңіл күйінде, жүрегінде сәл ғана қаяу, мұң болатын болса керісінше әншіден энергия, рухани азық алуы тиіс. Көременнің ендігі өміріне көзқарасын өзгертіп жіберу қолынан келетін әнші бар, келмейтін әнші бар. Қаншама қиналып тұрсаң да, жоқ деген сөзді бізге айтуға болмайды. Сол мақсатты сезіне отырып көрермендерге қуаныш сыйлаудың өзі бақыт. Бала кезгі арманым, таңдаған жолым өнер жолы болғаннан кейін артқа қайтар жол жоқ. Азды көпті атымыз бар, өзіміздің сүйікті көрермендеріміз бар. Концерттің жөні тіпті бір бөлек. Көрермен ыстық ықыласын білдіріп отырса, орындаушы ретінде өзіңді керемет сезінесің. Сондай әсерді бере алмасаң сен шаршайсың. Онда сен бақытсызсың. Энергетика дейді ғой. Бәрі көрініп тұрады. Көрермен мен орындаушының арасындағы байланыс болмаған кезде ол концерт концерт емес. Сол ләззәтты, сол ыстық ықыласты ала алмаған кезде әнші емеспін деп санау керек. Көңіл күйің болмаса жаман күй кешесің. Бәрі керісінше ойлаған, көздеген мақсатыңа жеткен кезде бүкіл шаршағаның ұмытылады. Қанат бітіп ұшып кете жаздайсың. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көрерменнің ықыласымен ғана біз әнші болып жүрміз. Халық тыңдамаса, залға жиналмаса онда бақытысыздық деген сол. Онда ән айтудың тіпті керегі жоқ. па деп қалам. Ыстық ықыласты көрген кезде әнді айта бергің келеді, айта бергің келеді. Мұның бәрі алдымен денсаулықтың арқасы, екінші жастықтың.
- Сізді көбіне тәкәппар деп сын айтатындар көп. Сынды қалай қабылдайсыз?
- Адамның жанары алдамайды. Ішкі әлеміңде не болып жатқанын көз арқылы-ақ білуге болады. Сезуге болады. Көп адамның аузына қақпақ бола алмайтынымыз рас. Пікірін өзгерте алмаймыз. Келісетін тұсым, сырт көзге көкіректеу, тәкәппар көрінеді деп сахнаға шыққалы бері мен туралы осындай пікір қалыптасқан. Өзімді олай деп есептемеймін. Мен туралы пікірді менімен бірге біте қайнасып жүрген жандардан сұраған абзал болар. «Мен ондай едім, мен мұндай едім» деп айту әбестік болар. Мені сахнаға алып шыққан да, елге таныстырған да, өмірде де, өнерде де, қас қабағыма қарап, жан дүниеме бүкіл жылулықты аямай төгіп жүрген менің жан жарым Қыдыр. Оны мен айтудан жалықпаймын. «Күйеуінің алдына шығып кетті, дауысы күйеуінікін басып кетті» деген пікірлерді де естимін. Олай емес бұлай деп айтудан аулақпын. Оны көру керек, оны сезіну керек. Әр көрерменнің өз пікірі бар. Қайсысын болмасын жамандыққа емес, жақсы жағына қарай бұрса екен. Біз де бір қазақтың кішкентай отбасымыз. Өзімізше бақытты болсақ па, кейінгілерге үлгі болса па деп жүрген жандармыз. Осындай шаңырақтың ары қарай гүлденіп кетуіне халық болып демегеннің орнына өкінішке қарай, тырнақтың астынан кір іздеп, артқа қарай тартқылары келеді. Өзіміз санаулы ғана қазақпыз. Сондықтан бір бірімізге жақсылық тілеп, демеу болсақ жараспай ма?
- Египет ханшайымының сарайына барып ән айттыңыз. Елімізде әншілер шүкір жетерлік. Таңдау неге сізге түсті?
- «Неге?» деген сауалға өзім де таң қаламын. Ол кезде аяғым ауыр болатын. Ауруханада жатқанмын. Елшіліктен хабарласқанда қайран қалдым. Сөйтсем бұл іріктеу бір ай бұрын жүрген екен. Еліміздегі қазақы болмысы бар, репертуары қазақы әнге бай, некелі жары бар әншілердің бәрін сұрыптаудан өткізіпті. Қазақтың ұлттық аспабында ойнайтын бүкіл әншілердің аудио, видео таспалары қаралған екен. Мұның бірін білмеймін. «Жол жүруге дайын емеспін» деген едім, болмады. Сол сапарымда қасиетті Мекке қаласын көруді нәсіп етті. Сол жерде тұрып ішімдегі сәбиіме тілек тіледім. Жетіген мен домбыраны арқалап барып Жидда қаласында ханшайымның зәулім сарайында қазақтың әнін қалықтаттым. Ханшайымның қайырымдылық ас беруі екен. Ол жерде тек әйелдер ғана жиналды. Ол жақта әйел еркек бәрі бірге тойлау деген дәстүр жоқ екен. Дінге берік. Концерт қою, театр деген ұғым жоқ ол жақта. Тек қана мешітте бес уақыт намаз оқиды. Онда менің көргенім, көңілге түйгенім көп болды. Жетігенмен айтқан әнімді өте жақсы ықыласпен қабылдады. Көңілім толып қайттым.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста