Қалжың әндерді қалжыратып алған жоқпыз ба?

Дарқан даламыздың төсі әзіл-қалжың әнге бай. Ілгерідегі әндер қазіргі әзіл әндердей тым қарабайыр, жеңіл емес. Автордың көтеріңкі көңіл күйінен туған ойнақы әндер тыңдаушыны терең ойға шомдырмайды. Керісінше, ондай әндерді тыңдаған адамның «Паһ, шіркін!», «Бәрекелді!» деп бір сергіп қалары анық.  Әуенге қарай сөзі де мәнді.
«Ішім-ай, дертім-ай, қыздар-ай,
                                                қырғын-ай!
Қыр басында – қыз ойнақ,
          күнде – мәжіліс, түнде – ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ!»
– деп келетін халық әні «Нақ-нақпен» ке­зінде селт еткізген Елубай Өмірзақов болатын. Орыс-қазақ сөздерін араластыра отырып, тың­даушының езуін тартқызатын әйгілі «Он алты қыз», «Ақ қурай», «Қыздар-ай», Берік­­болдың «Ағаш аяғы», Кененнің «Көкшолағы» күлдірмей қоймайды. Әри­не, орындаушысы әннің мақамына қарай сан түрлі образға еніп, дауыс ырғағы, домбыра тартысы, бет-әлпеті арқылы әннің характерін жеткізе алса?!
Әнсүйер қауымның делебесін қоз­дырған «Молдабайдың әні» арқылы Шәкен Ай­манов атамыз Алдаркөсенің әзілін жеткізсе, Бекболат Тілеухан өзінше жаңар­тып, бүгінде Ерлан Рысқали шы­райын кіргізе орындап жүр.  Дәуірінде Молдабай әнін шырқағанда үйдің кіре берісінен «Әу» деп бастап, жамбасымен ақырын сырғып секіріп отырып, дастар­қанды бір айналып шығып, әнін де аяқтайды екен.
Әзіл әндерді құбылта, сызылта орын­даушының бірі – Қайрат Байбосынов. «Бесіктегі баладан алғыс алған – жиырма бес, есіктегі кемпірден қарғыс алған – жиыр­ма бес» деп халық әні «Жиырма бесті» Қайрат аға шырқағанда, халық тағы бір ән сұрамай жібермейді. Асау ән орындаушының бабына сай келіп тұр деген – осы. Талайды тамсандырған Үкілі Ыбырайдың:
«Тұрмай ма жақсы қызға
                                              көңілің ауып,
Әзілмен сөйлеу керек ебін тауып»,
– деп өрілген «Қызыл асық» әнінде автор әннің әзіл ән екендігін айтып тұрғандай. Бірақ «әзіл, қалжың» деген сөздің өзін жеңіл санайтын адам халық әндері мен халық композиторларының бірлі-жарым­ды әзілге құрылған әндерін салмақсыз әнге баламауы керек. Ол да – классика.
Мұрат ӘБУҒАЗЫ, өнер зерттеуші, күйші:
«Музыкатану саласында арнайы бөліп алып қарайтын «әзіл-қалжың ән» деген арнайы жанр жоқ. Бірақ қазақтың дәстүрлі ән өнерінде автордың көңіл күйін білдіріп, ситуацияға қарай туған Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық», Жаяу Мұсаның «Құлбай байы», Мәриям Жагорқызының атынан шығарған Үлгебайдың «Дудар-айы» әзіл-қалжың әндерге жатады. Әзіл әндерді күйдегі «Ақжелең», «Қосбасар», әнде «Мақпал» секілді жанрлық жағынан барлық ақын-композитор тақырып етіп шығармаған. Батыс жақта «мәтөк әндер»  деген «қара өлең»  түрінде келетін әзіл әндер бар. Арнайы зерттелмеген, тек мінез жағынан топтастырып, бөліп айтуға болады».
Асылында, қуақы қалжыңды табиғаты қалжыңбас, ақ адал пейілді, мінезі жеңіл адамдар айтады. Халық композитор­лары­ның ішіндегі әзілқойы – Жаяу Мұса. А.За­тае­вич «Қазақ халқының 1000 әні» еңбе­гінде Жаяу Мұса туралы айта келе: «...М.Жамболовтың айтуынша, көңілді шал, қазақ ақындарының салтындағыдай домбыраны көп тартпаған, керісінше, татар әншілері секілді скрипкада ойнаған. Тура­сы, татардың кейбір әсері кәсіби өнерпаз үшін әртүрлі талғамдағы көпшіліктің көңі­лінен шығу мақсатында туса керек (Мұса орысша әндер де айтқан!). Мұса шығарма­шылығынан жалпы қазаққа жат жеңіл-желпі қуаныш пен әзіл-қалжың орын алады. Оның жеңіл, қайғысыз, өшіктіруші әуендері көбіне біркелкі (бұл да татарлық сипатта) гитаралық аккомпанементке биге (қазақта мүлдем жоқ) шақырып тұрғандай сұрану арқылы соңына дейін нақтылап айтылады. А.Байтұрсыновтың жеткізуінше, жан-жақты Мұсаға мазурка ырғағы жақсы таныс».
Бұл сөзімізге бірден бір дәлел – «Құлбай бай» әні:
«Құлбай байдың тұсағы,
Өткір екен пышағы.
Басқасы жаман болса да,
Қызының тәуір құшағы».

Былтырғы жылы «Мәдени мұра» бағ­дарламасы жаңғыртқан «Қазақтың 1000 әні» антологиясына енген әндердің ішінде елге беймәлім әзіл әндер де бар. Олар – Ерлан Рысқалидың орындауында енген «Қиясбайдың әні» мен «Шалабек» әні.  Абайдың ақындық ортасын зерттеуші ғалым Бауыржан Ердембеков  Абайдың айналасындағы күлдіргі, сөзі қисық, таби­ғаты ешкімге ұқсамайтын ерекше Қиясбай, Мұқамораз, Шәукембай, Қатпа сынды адамдар туралы жазған мақала­сында Қиясбайға тоқталуы ерек. «Кім шығарса да, әлгі өлең тек Қиясбай айтса ғана жара­сатын, соның табиғатына ғана сай болған соң, сөзсіз, Қия-ағаңның қоржы­нына салынады. Ел ішінде «Қияс­байдың қозы көші» деген ән бар. Анығы – Шәкәрімнің әні, Қия-ағаң бір бестіге сат деп өтінген соң, қажы тегін берген екен. Біреуден мәнсіз өлең мен ән қолқалап алып жүрген Қиясбай күшті ақын болмағанымен, екі ауыз сөзді қиыстырар қауқары болған». Сондағы Қиясбайдың мағынасыз өлеңі мынау:
«Айдалада ақ қасқыр, опақ-сопақ,
Ақ сиырдан туады жирен айғыр,
Аспанда ителгі құс пішен жейді,
Арық тоқты шұлғиды тоң қатқанда».

Түйін
Ел-жұрт «жындыға» балаған Қиясбайды Абайдың айрықша сыйлап, төрінен орын бергенін білеміз.
Расында, әзіл айтып, сайқымазақ болып көрінген кісілер – болмысы арам ойсыз, аңғал да аңқау, ақкөңіл адамдар. «Ішімдегіні біл» деп тымыраймайтын ақжарқын адамдар қалжың айтып ойнауға, шындықты айтып шымшуға бейім келеді. Салмақсыз сатира мен әлсіз әзіл жаулаған заманда көше әнімен көмкерілген әзіл әннің бағасы өсіп, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Кенендер әзілдеп түйреп өткен әлеуметтік шындыққа құрылған әндердің ақысы арзандап тұр. Әннің қадіріне жетіп, құнын өсіретін тыңдаушы бар ма екен?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста