Қайраткер жайлы қос кітап

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі қаламгер Мұхтар Қазы­бектің  Алаш қайраткер­ле­рінің бірі Қабылбек Сарымол­даевтың   ғұмыры туралы  ой шертетін  «Дауылда туған дарын» атты еңбек  пен  кәсіпкер Болат Данияровпен бірлесіп құрастыр­ған «Қайраткер Қабылбек Сарымолдаев»  атты естелік кітаптардың жарық көруіне байланысты конференция өтті.
ХХ ғасырдағы қазақ зиялылары ішінде­гі есімі мен атқарған қызметі ерекше тұл­ғалардың бірі – Қабылбек Сарымолдаев – публицист, экономист, жүздеген мақала мен бірнеше кітаптың авторы.  Ол 1898 жылы 22 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы Ойтал селосында дәулеті орташа шаруаның  отбасында дүниеге келген. Т.Рысқұлов, М.Жы­лысбаев және т.б. азаматтармен бірге оқып, үздік бітіріп шығады.
Қ. Сарымолдаев 1916 жылғы ұлт-азат­тық  көтерілісін өз көзімен көрген, кейін «Қазақ жастарының революциялық одағы­ның» белсенді мүшесі болды. Дара тұлға Әулиеатада билік кеңестердің  қолына өт­кен­нен кейін  әртүрлі басшылық қызметтер  атқарды: ТурЦИК-тің мүшесі, Азық-түлік  халық комиссариаты коллегия мүшесі болды. 1919 жылы Аштыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияны басқарып, Ішкі істер халком орынбасары қызметіне ауыстыры­лады. Мұнымен тоқтап қалмай, ғалым одан әрі де үлкен табыстарға жетеді.
Қ.Сарымол­даев жөнінде ең алғаш рет жазған Сәкен Сейфуллин болатын.
Кітапта Сарымолдаевтың қызы Зүлфия­ның әкесі, немере ағасы Мүсірепбек, ана­сы Майнұр туралы қолымен жазып қал­дыр­ған, еш жерде жарық көрмеген ма­те­риал­дары алғаш рет оқырман қауымға ұсыны­лып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста