Қайраткер тағылымы

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Балқаш ауданы Бақанас ауылында қыркүйектің 21-22-сі күндері Д.Қонаевтың 100 жылдығы тойланды. Жүздеген ақ киіз үй тігіліп, мың-мыңдап жиылған қауым ұлы перзентінің рухына құран бағыштап, заманының заңғарын толқыныспен еске алды.
Өткен аптаның жұма, сенбі күндері Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауы­лында тіршілігінде-ақ пайғамбар атан­ған тұлға Дін­мұхамед Ахметұлы Қонаев­тың ту­ғанына 100 жыл толуына орай ас бе­ріл­ді. Мемлекет және қоғам қайраткерi, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, Ғылым ака­демиясының академигi, техника ғылы­мы­ның докторы болған Қонаевты еске алу­ға арналған салтанатты шаралар екі күн­ге жалғасты. Қыркүйектің 21-і күні Бақа­нас ауылындағы Д.Қонаев ескерткi­шiне гүл шоқтары қойылып, Димаш аға­ның рухына бағышталған арнайы ас бе­ріл­ді. Түс ауа Бақанас стадионының ашылу сал­танаты өтіп, спорттық ойындардан жарыстар ұй­ым­дастырылды. Сондай-ақ аудан­дық тарихи өлкетану мұражайында «Өз зама­нының заңғар ұлы» атты Д.Қонаев­қа ар­налған экспозиция ашылып, мерей­той қо­нақ­тары мұражаймен етене таныс­ты. Бақанас ауы­лының аудандық мәде­ниет үйінде Қонаев­тың өмірі суреттелген фильм­нің көрсетілі­мінен соң «Дін­мұхамед Қонаев – ғасыр адамы» тақы­рыбында респуб­ликалық ғы­лыми конференция бол­ды. Бас­қосудың соңы орталық алаңда­ғы «Таң­ғажайып Қо­наев» таным­дылық ша­расы мен Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы ұж­ым­дарының мерекелік концертіне ұласты. Тойға жи­нал­ған қонақ­тарға Ілені жағалай тігілген жүздеген киіз ­үйде кешкі ас бері­ліп, орта­лық алаңда Қа­зақстан өнер шеберлері мен аудан көр­кем­өнерпаздары­ның жастарға арналған мерекелік кеші өтті. Ел ағасы атанған Д.Қо­наевтың 100 жылдық мерей­тойының ал­ғашқы күні мерекелік отшашумен аяқ­талды. Қыр­күйектің 22-сі күні алты қанат ақ үйлерде дастарқан жайылып, соңы­нан Д.А.Қонаев атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ киіз үй қала­шығында ор­наласқан үлкен сахнада ме­рей­тойға ар­налған салтанатты жиын театр­ланды­рылған қойылыммен жалға­сып, соңы гала-концертке ұласты. Зама­ны­ның заңғар перзенті болған Қонаевтың рухына ба­ғыш­талып құран оқылып, бірнеше мың адам қол жайды. Мерейтой Ілені бойлаған жазық даладағы палуандардың сайы­сымен жалғасын тауып, аламан бәй­ге, топ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге мен тай бәйгелер бағалы сыйлықтарды сарапқа салды. Облыс пен аудан басшылары, қоғам қайраткерлері жеңімпаздар­ды марапаттап, Бақанас ауылына барған мерейтой қонақтарын шығарып салды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қо­наев есімінің Қазақстан халқымен бірге жасары – анық ақиқат. Ол кісі – бәрі­мізге ұстаз болған адам»,– деген еді. Ал мерейтой меймандары Димаш ағаның «би­лікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, анам да – ел, данам да – ел, соған арқа сүйедім, содан үйрендім» деген дана сөздерін бірнеше мәрте еске алып, сөздерінің бастауы етті.
Аңсар Мұсаханов, Алматы облысының әкімі:
– Елбасымыз: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Сондықтан да халқының ал­дын­дағы өздерінің перзенттік парыздарын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыс­тау жағдайда да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала береді», – деп атап көрсетті. Солардың бірі де бірегейі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев екені даусыз. Қазақ хал­қының соқтықпалы, соқпақсыз тұтас бір дәуі­рінің көшін бастап, еліміздің әлеумет­тік-экономикалық және рухани дамуына орасан зор үлес қосқан тұлға қашанда ел жүрегінде, көңіл төрінде тұрады.

Дияр Қонаев, Д.Қонаевтың немере інісі:
– Өз халқын жанындай сүйген, сол үшін бар өмірін арнап, қызмет еткен сүйікті ағаға қанша арнау айтса да болады. Аға­мыз еңбекпен жеткен үлкен абырой, биік беделіне қарамастан, қай қызметте де өзін ешкімнен жоғары қойған жоқ. Сол қасие­ті­мен де елдің жүрегінен мәңгі өшпес орын алды. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ біздің әкелеріміз бен ағаларымыздың өт­кен өмі­рін, жүрген жолын танып жатса, онда аға­лар жолы келешекте тамаша істер­мен жал­ғасатынына сенімдімін.

Рафаэль Ниязбеков, ақын:
– Алла тағала Димаш секілді алып тұлғаларды жүз жылда, мың жылда бір рет тудырады. Димаш – Жаратқанның қазақ халқына берген үлкен, ұлы сыйы. Мен Ди­ме­кеңе арнап 300-ден аса өлең жаздым. Ал жер-жаһанда, тарихта бір тұлғаға жүз­деген өлең арнау деген болмаған. Қазақ жұрты Қонаевқа қанша қара өлеңін арнаса да, артық еместігі анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста