Күні кеше 30 жасқа толып, туған күнінде уыстап ақша шашқан Қайрат Нұртас жұрттың сынына ұшыраған болатын. Ал ұлын сынаған көпшілікке жауап бермек болған әншінің әкесі елден сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Алла баршаңызға ғұмыр берсін. Ал мына ойланбай жаман пікір білдірген пенделерге "Алла сабыр берсін" дегім келеді. Бұл адамдарды дүниеге әкелген аналарына жаным ашиды. Өмірден ешнәрсеге қол жеткізе алмай, алақан жайып туылғандарына қарным ашады. Бір жігіт менің ұлымдай- ақ қайырымдылық жасасын. Бүкіл қазақтың мәселесін Қайрат түгілі, өкімет шеше алмай отыр. Өте аянышты пендесіңдер", - деді хитменнің әкесі Instagram парақшасында.
Алайда Нұртас Айдарбековтің бұл жазбасы желідегілерді ашуландыра түскен.
"Елге көрсетудің не қажеті бар? Осы әншілерге салық төлету керек. Өлең айтып, билегеннен басқа елге тигізер пайдасы жоқ", "Желіні ашып қалсаң, Қайрат Нұртастың қажылыққа барғаны, туған күні, мінген көлігін көреміз. Сіздердің қыдырғандарыңыз бен көлік мінгендеріңіз ешкімге қызық емес", "Одан да жасаған жақылықтарыңды көрсетіңдер".
"Сонша мақтаншақтықтың керегі не? Онсызда жұрт сіздердің ауқатты екендеріңізді біледі. Одан да қайырымдылық жасаудан эстафета жолдамайсыздар ма?", "Отбасылық құпияларды ел алдына жайып саласыздар".
"Жақында ғана Меккеге барып келдіңіздер. Осынша астамшылықтың керегі не?", "Бұрынғы жұлдыздар ішкен-жегенін жұрттан ұялып, көрсетпеуге тырысатын еді" деп ашуланды желідегілер.
Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртас 30 жасқа толды.
Әнші Алматының ең қымбат мейрамханасында туған күнін тойлап, уыстап ақша шашты.
Ал әншінің қос інісі Аян мен Заңғар ағаларына қымбат көліктің кілтін табыс етті.