Халықтың сүйіктілеріне айналған Қайрат Нұртастың анасы үлкен танымалдылыққа ие болмас бұрынғы қиын жолды видео арқылы жеткізді. Өзінің жеке әлеуметтік парақшасында әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова салған видеоны 70 мыңға жуық адам қарап, оған 300-ге жуық пікір қалдырған. Видеода Қайрат Нұртастың мектеп сахнасынан қазіргі үлкен сахналарға дейінгі қиын да қызықты жолы бейнеленген, - деп хабарлайды Qamshy.kz hambylnews.kz - ке сілтеме жасап.
Оның ішінде Прайм Плаза кешенінде болған тыңдарман наразылығы, келіспеушілік болған сәттер, сондай-ақ, анасының әншіні бейтаныс жандардан қорғау мақсатында арпалысып жатқаны және баласының жетістіктері таспаланған.
Желі қолданушылары "Қайрат аға еңбекқор, алдында басымды иемін", "Інім, сен талантты әншісің, басқалар сяқты мақтанып кетпейсің", "Көріп отырғандарыңыздай, Қайрат та, анасы да бұл жетістікке көп қиыншылық пен еңбек арқылы жеткен", "Алла аман сақтасын!" деген жылы, жағымды пікірлер қалдырған.
Видоға Гүлзира Айдарбекова "Жаралы жанның әні бұл" атты әннің төмендегідей мәтінін жазған екен:
«Күндестік деген қоңырау соңымнан еріп əлі жүр.
Сынағы шығар əлі бұл,
Сабырмен күтіп соңында, жеңемін бəрін бəрібір.
Бұл менің сырым ақ қардай, ақпанда жауған мен үшін.
Оралмай өткен шақтарға, арқалап арман жеңісін.
Қайратым тасып жатқандай, ақ жүрек ана – сен үшін.
Жарқ етем əлі ақ таңдай, жеңілгендерім жеңісім!
Асулар алар алдымда, баспалдақ өмір əлі бұл.
Тілегін айтар ел барда, жүрегім айтар əлі жыр,
Жаратқан ием сен барда, жеңемін бəрін бəрі бір!»