Қайрат Нұртас түшкірсе де - хит

Серік Ибрагимов деген жас жігіт орындап жүрген «Вокзалда қауышқан қыз» әнінің не «құдіреті» бар екенін қайдам, кішкентай балаларға дейін:
«Жүрдек пойыз кетті,
Саған қолым жетті,
Өкінбеймін мүлде

Мұндай болмас күнде...» деп шырқап жатады. Сол секілді Қайрат Байекенов пен «Формат» тобнының орындауындағы «Махаббат» әні де тыңдарманын өзінің сиқырымен дуалап алғандай әсер береді. Өйткені бұл әндер – «хит». Ал хит әндердің сөзінде мағына бар ма, ұйқасы қандай, музыкасы мен аранжировкасы ше, бұған ешқандай сын жүрмейді.
Әдетте біз «қазақ әндерінің сөзі де, өзі де бұзылды, жөні түзу клип жоқ, авторлардың сиқы анау» деп түңіліп жатамыз. Бірақ осындай пікір айтуышалр қазіргі жастардың (25-30 жасқа дейінгі) талғамына қандай әндер сәйкес келетінін білмейтін секілді. Әр заманның өз әншісі болатыны сияқты, өз тыңдармандары, олардың өзіндік талғамы болады емес пе? Егер бүгінгі тыңдарманның талғамына Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісованың әндері сәйкес келмесе, бұған ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ.
Әр әншінің репертуарында өз «хиттері» бар. Тіпті кейбір әншілердің барлық әні хит болып жатады. «Қайрат Нұртас түшкірсе де – хит» демекші, осындай әншінің орындауындағы әндердің авторлары да – «супер жұлдыз».
Қазіргі біздің түсінігіміздегі хит әндердің орындаушысы кім, халық әртісі ме, халықаралық байқаулардың жеңімпазы ма, әлде студент пе, қарапайым құрылысшы ма, маңызды емес. Ең бастысы, оның әні ән шерулерінде алғашқы орында тұрса болды және тойға өтсе жетеді.
Иә, мүмкін «хит» әндердің «ғұмыры» қысқа болар, бірақ бүгінгі хиттің орнын ертең басқа хит басады. Яғни, мұның өзін бүгінгі заман әндерінің ерекшелігі деп қабылдаған жөн.
Ал енді «хит әндердің» өз ерекшеліктері туралы айтсақ, негізінен біздің елімізде хитқа айналған әндердің 80-90 пайызы басқа елдің әндерінің көшірмесі. Жақында әлеуметтік желілерде «Бүркіт пен Айша» орындап жүрген «Тау-тау» әнінің түпнұсқасы салынып еді, бәріміз «ойбу, мынау румындардың әні екен ғой. Бүркіт ұрлап алыпты» деп даурықтық. Бірақ қалай десек те, бұл ән біздің елімізде хитқа айналғанын жоққа шығара алмаймыз. Youtube.com порталында миллионнан астам көрермен жинаған осы әннің клипі арқылы Бүркіт өзінің танымалдығын арттыра түсті. Сол секілді Ақылбектің «Қызыл өрігі», Асхаттың «Мария магдаленасы» да бірі қырғыздың, бірі итальяндардың әні. Мұнымен айтпағымыз, хитқа айналған әндерден ұлттық бояу, мән мағына іздеудің қажеті жоқ. Кентал айтпақшы, «бірлік болсын әлемде, бірлік болсын елімізде, аман болсын, халқым, халқым». Қазақ халқы «чип-чипке» билеп, «сезім сиқырлы махаббатқа бөленіп», «аспанға қарап, жұлдызды санап», өнердің жүрдек пойызынан қалмай жүрсе болғаны.
Болашақта әлем елдері өз әндерін хитқа айналдырғысы келсе, қазақтарға орындатуды әдетке айналдыратын шығар... Ендеше хит әндеріміз көбейе берсін! Сонда біз «Иә, солай, иә, солай, қазақ елі осындай» деп мақтанып жүреміз...
Құрметті оқырман, сіз қалай ойлайсыз, қазақтың қай әні «хит» деуге лайық?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста