Қайрат Нұртас сахнада арқасы қозатынын айтты

Қайрат Нұртас сахнада арқасы қозатынын айтты

 Танымал әнші Қайрат Нұртас концерттері кезенде не себепті сахналық киімдерін лақтыратынын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қайраттың айтуынша, ән айтып тұрғанда оның "арқасы қозып кетеді" екен, сондықтан ол бұл әрекетін"өзін-өзі ұстай алмаймын" деп түсіндірді.

Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы Қайрат осы уақытқа дейін он шақты киімін үлестіргенін айтады.

"Қайрат, ең құрғанда келесі концертке қалдыршы, әрең тіктірген киіміңді бермей тұра тұршы десем, мама кешірші, мен шыдай алмадым деп айтады", - деп сырын айтты.

Продюсер әншінің киімдерінің бағасы бес мың доллардан басталатынын айтты. Сондай-ақ Қайрат Нұртас талай рет жолдас-жораларына очки, сағаттарын, басқасын сыйлап кеткен көрінеді. Мәселен, досы Абайға құны 18 мың доллар тұратын Вreitling брендінің швейцариялық сағатын сыйлаған. Ақ алтыннан жасалған сағат гауһар тастармен көмкерілген.

Танымал әнші тек очкимен көпшілік алдына шықса да, небары екі дана көзілдірігі бар екенін айтты.

Әнші бір тіктірген сахналық костюмын әрі кетсе, 3-4 рет кие алатынын айтады.

"Оны сақтағанда не істеймін, тыңдармандарыма берсем, қуанып қалады", - дейді ол.

NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста