Қайрат Нұртас: "Қашанғы сахнада жүрерімді бір Алла біледі"

 Әнші Қайрат Нұртас KN журналының оқырмандары жолдаған бірнеше сауалға жауап берді.

— Қайрат, қанша танымал болғаныңызбен, сіз — жас әншісіз. Бірақ, көп концерт бересіз. Тыңдармандарыңызды жалықтырып алам деп ойламайсыз ба?

Айдана ДЕМЕГЕНОВА,

— Айдана, жанашырлығыңыз үшін алғыз білдіремін. Бірақ мен – әншімін ғой. Оның үстіне эстрада — өмір көрсеткендей, көбіне жас буынға бағытталған өнер. Сондықтан, қазіргі жас кезімде, күш-қуатым бойымда тұрған шақта, қолымнан келетінді сарқа пайдалансам деймін. Бұл – бір. Екіншіден, тыңдармандар тарапынан ұсыныс түсіп, кеш, концерт қоюымды өтініп жатса, өнерімді бағалап, «қуанышымыа ортақтасыңыз» деп сыйлап, тойына шақырып жатса, мен қалай бас тартамын? Әрі әзірге «сенің әнініңнен жалықтық» деп ешкім айта қойған жоқ…

— Қайрат, сіз бай шығарсыз? Бәрі жеткілікті дегендей. Сіз ғана емес, әлеуметтік желілерді қарап отырсақ, жалпы әншілердің бәрі аста-төк өмір сүретін тәрізді.

Гүлсім ЕЛДИЯРОВА,

— Гүлсім, Құдайға шүкір, күн көре алмай отырған жан емеспін. Бірақ бұл – асып-тасығандығым емес. Мен де кәдімгі қазақтың баласымын. Түркістан топырағынан өсіп-өнген жігітпін. Үй алып, көлік мініп, қымбат костюм киіп жарқырап жүрсем – әуелі Алланың арқасы. Сосын, әлгі ертегілерде айтылатынындай, «темір етіктен тебендей» қалғанша табанымыздан тозып жүріп еңбек еттік. Анам көмектесті, әкем демеді, бауырларым аянып қалған жоқ, ағайын тақымын қысып отырды дегендей. Бір күнде қазіргі Қайрат Нұртас боп аспаннан салбырап түспедім. Біраз қиындық көрдік. Мұхаметжан Тазабеков ағамыздың ел арасына тарап кеткен әйгілі өлеңі бар ғой, сонда айтылғандай, «етігімді көлеңкеге қойып еріншек боп, соқамды күн астына тұралатып» қойғам жоқ. Енді сол бейнетімнің жемісін жеп, жұрт ықыласына бөленген кезімде елдің алды болмасам да, көппен қарайлас тұрмыс кешіп жатырмын.

Барлық әншілер туралы да шамамен осылай дер едім. Қазақстанда әнші боп, ақшаға көміліп жүрген ешкім жоқ-ау. Көзге түсіп қап жатса, танымалдықтарынан шығар. Біреу асаба боп күн көріп жүр, біреу – банкир, біреу – журналист, біреу басқа қызметте. Сол сияқты, әншінің де бар қолынан келері — ән айту болғандықтан, адал маңдай терімен солай нәпақа айыруда.

— Қайрат, ауыл-елді жиі аралайтын әншісіз ғой. Талай көп жылдар бойы шенеуніктердің ат ізі түспеген ауылдарда болған шығарсыз. Шыныңызды айтыңызшы, елдің жағдайы қалай?

Айдар АЙЫМБЕТОВ,

— Айдар, әрине, ел болған соң, бес саусақ бірдей болмайды ғой. Бір ауылдың әкімі іскер, екінші әкімнің тәжірибесі аздау болуы мүмкін деген сияқты. Әрі біз бірден жоғары дәрежедегі комфортты сұрайтындай, тәуелсіздік алғанына бірнеше ғасыр болған мемлекет емеспіз. Сондықтан, «мына жақта бәрі быт-шыт, мұнда бәрі жайнап тұр» деп тұтас елдің арасын алшақтатпауға шақырар едім. Рас айтасыз, мен Қазақстанның көп шалғай аудандарында болдым. Аудандық, тіпті облыстық мәдениет үйлерінің сапасы сын көтермей тұрады. Акустикасы нашар боп шығады. Бірақ біз – өтпелі кезеңнен әлі толық өтіп болған жоқпыз. Шетелді де көп аралаған адам ретінде айтарым – бізден де нашар өмір сүріп жатқан елдер бар екен. Президентіне кеше ғана көңілі толмай, революциялатқан сириялықтарды Түркияда көп көрдім. Сирия деген паспортын көрсетіп, қайыр тілеп жүр…

Рас, сын айтылуы керек. Бірақ қазақ боп туылдық па, ата-бабамыз осы жер үшін қан төкті ме, осы мемлекетті, мемлекет басындағы елбасымызды қолдауымыз қажет, еліміздегі тұрақтылыққа бәріміз атсалысуымыз керек. «Бірімізді біріміз дос көрмесек, ісіміздің бәрі бос» боп қалмақ.

— Қандай әншілерді тыңдайсыз? Қандай фильмдерді көресіз? Қандай актерлер мен актрисалар ұнайды? Қай телеарнаны жиі қарайсыз?

Нұршат ӘЛІМБАЕВА,

— Өзіміздің отандық әншілердің бәрін дерлік тыңдаймын. Лаки Кесоглу ұстазымның тәлімін алдым. Мейрамбек Бесбаев ағамнан көп нәрсе үйрендім. Жалпы, әншілердің жақсы жаңалықтары болып жатса, міндетті түрде тыңдауға тырысамын. Ал фильмдер – әртүрлі. Көңілдің ауанына қарай. Бірде Шахрух Хан түскен «Менің атым — Ханы» мен «Ом Шанти Омын» көріп, үнді киносын қарасам, бірде Энтони Хопкинс, Алек Болдуин, Том Хэнкс фильмографиясын ақтаруым мүмкін. Кейде детектив қараймын. Кинотеатрға жиі баруға, әттең, қол тие бермейді. Әйтпесе, премьералардан қалмаушы едім. Теледидар қарауға да аса мұрша жоқ. Бірақ елдегі оқиғалардан сырт қалмау үшін мемлекеттік арналардың жаңалықтарын күніне бір қарауға тырысамын.

— Сізді не алаңдатады? Ертеңіңізді қалай елестетесіз? Қанша жасқа дейін ән айтқыңыз келеді?

Әйгерім МӘЛІК,

— Әйгерім, мен ең бірінші осы елдің азаматымын ғой. Сондықтан, әлбетте, осы елдің болашағына бей-жай қарай алмаймын. Менің ән айтып жүргенім, сіздің алаңсыз сабақ оқып, не күнделікті жұмысқа барып келіп жүргеніңіз – тәуелсіздіктің арқасы. Ендеше, сол тыныштықты бұзылмауын әрқайсымыз тілегеніміз жөн шығар. Жасыратыны жоқ, мен көп тойға барамын. Қазақ жерінде той көп болғаны – жақсылықтың көп екендігінен шығар? Ендеше, шүкіршілігіміз көбейсе деймін.

Ал Қазақстанның болашағы қалай болары, бірінші, Алланың қолында. Сосын біздің ниетімізге де байланысты ма деймін. Еліміздің ертеңі қалай боларына бәріміз алаңдауымыз керек. Ол алаңдау бір сәттік эмоцияға құрылмауы тиіс. Жарық өшіп қалғаны, ауладан мусордың кеш шығарылғаны, жедел жәрдемнің кешігіп келгені үшін президентті кінәлап жатады. Осы қаншалықты әділ? Әуелі осы елдің болашағы үшін мен, сіз, ол – не істедік? Осыны ойландық па?

Ал қашанға дейін ән айтарымды Құдай біледі.

— «Өкініш» фильмінің жалғасы түсіріледі дегенді естіп едім. Қашан көре аламыз?

Ғайни ТҰРАБАЕВА

— Шыны керек, әзірге нақты емес. «Өкініштің» екінші бөлімін түсіреміз деген ой әуелде болған. Бәлкім, Алла бұйыртса, түсіріп те қалармын. Жақсы сценарийлеріңіз болса, қарап көруге болады.

kairatnurtas.com

Қайрат Нұртастың ресми сайтынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста