Қайран, қазақтың кілемдері-ай...

Хат жазып, қара тануды тек қағаз-қаламмен өлшейтін кейбіреулер болжағандай, қазақ мүлдем сауатсыз халық болмаған. Керісінше, біз – барлық ойын, жай-күйін тасқа қашап, ағашқа ойып, жіппен бедерлей білген дана халықтың ұрпағымыз. Кезінде қазақтың қызы ұзатылып кеткеннен кейін бір жылдан соң еліне кілем тоқып жіберетін болыпты. Оны алған ата-ана, туған-туыс, бауыры жат жұрттағы қызының жайын бірден білген. Өйткені оның әр оюындағы ойды оқи білетін. Өкінішке қарай, біз бүгін ою-өрнектің тілін түсінетін қасиеттен айырылып, қала берді, қалы кілем, текемет, сырмақ, алаша атаулыны түгел дерлік шетел асырып, тек жұрнағын ғана әрең алып қалғанбыз.

«Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» дегендей, қайсыбір жылдардағы қиын-қыстау кездерде қысылған халық қаншама қолөнер туындысын тиын-тебен берген туристердің қолына ұстатып жіберді. Әсіресе сол тұста қазақтың көздің жауын аларлық кілем, сырмақ, текеметіне қатты қызығушылық танытқан АҚШ азаматтары болыпты. Бір қызығы, енді ел болып, есімізді жиғанда, қазақ кілеміне қаржы бөліп отырған да – сол АҚШ елшілігі.


Ричард Хоугланд, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:
– Бүгін біздің Мәдени мұраны сақтау қорынан Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кілем тоқу дәстүрін жаңғырту жобасын жүзеге асырып жүрген Айжан Бекқұлова басқаратын іскер де ісмер әйелдердің «Біздің мұра» ұйымына 47 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөлініп отыр. Енді аталған ұйым осы қаржыға өздерінің бастаған істерін әрі қарай жалғастырып, қолөнердің осы бір ғажайып түрін дамытпақ.
2001 жылы АҚШ Конгресінің шешімімен құрылған елшінің Мәдени мұраны сақтау қоры осыған дейін әлемнің 100-ден астам еліндегі жалпы сомасы 26 миллион доллар тұратын 640 жобаны қаржыландырған. Соның ішінде тарихи ғимараттарды қалпына келтіру, жойылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, мұражай жәдігерлерін бағалау, сақтау, археологиялық орындарды қорғау, мұрағаттар мен қолжазбаларды сақтау, тіпті жойылу қаупі төніп тұрған тілдерді дамыту секілді де бастамалар бар. Ал елімізге қатысты нақты көмектерге келсек, 2005-2008 жылдар аралығында аталмыш қор Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұрағаттағы фильмдерді қалпына келтіру және сақтау жобасына, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан мәдени құндылығы аса жоғары табиғи парктерді құжаттауға, сондай-ақ ХХ ғасырдағы қазақ музыкасы үнтаспаларын сақтауға Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға 28 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген.


Айжан БЕКҚҰЛОВА, «Біздің мұра» ұйымының жетекшісі:
– Негізінде, бұл – қолөнердің өте қиын бір түрі. 2005 жылы біз бұл іске кірісер алдында, сенесіз бе, қазақы кілем жойылудың аз ғана алдында қалғанын көріп, қынжылдық. Шетелдіктер жылына жүздеген кілемді сатып алып кетіп отырған. Соның салдарынан қазақтың бүкіл дерлік кілемі шекара асып, қолымызда жұрнағы ғана қалыпты. Еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстанда кілем тоқу өнері әлі де сақталған. Бірақ соның өзінде біз әжелеріміздің кезіндегі кілем тоқудың керемет шебер технологиясының көбінен көз жазып үлгеріппіз. Тым болмаса, қолда барды сақтап қалайық, ел жадында қалғандарын жаңғыртайық деген ниетпен күні бүгінге дейін еліміздің барлық өңірін аралап, 25-тен астам семинар-тренингтер өткіздік. Енді бүгінде кілем тоқуда жаңа дизайн, жаңа бояу әдісін енгізуге мәжбүрміз. Баяғыдан жүннен иірілетін жіптер мақта жіпке ауысты. Ал қазақтың XVIII ғасырдағы кілемдері бүгінде әлемнің ең қымбат кілемдеріне айналды. Бірақ, ең өкініштісі, олар біздің қолымызда жоқ.

Сапалы болатын себебі: қазақ ешқашан кілемдерін сату мақсатында тоқымаған. Біле білсек, кілем тоқу, текемет басу, ши тоқу деген халқымыз үшін мейрам секілді болған. Ауылдың қыз-келіншектері кілем тоқылатын үйге жиналып, әрі жұмыс істеп, әрі бір-бірімен сырласып, мұңдасып, шер тарқасып та үлгеретін. Демек, бір жағынан, бұл абысын-ажын арасындағы татулықты да нығайтты деуге болады. Өйткені бір айда бір үйдің кілемін тоқыса, алдағы айда келесі бір үйге асарлайтын еді. Сондықтан кілемді жоғалту арқылы біз қолөнерімізден ғана емес, сонымен бірге әдемі әдет-ғұрып, салт-санамыздан қол үзіп қалдық. Бүгінде бәріміздің үйімізде Иран мен парсы, араб кілемдері бар, есесіне қазақы дүниетанымға бай қалы кілемдердің орнын сипап қалдық. Архаикалық дүние деп қарап, мұрын шүйіре қараған кілемдерімізді шетелдіктер жанталаса сатып алып жатқанда да «осылар неге құмартады» деген ой неге қылаң бермеген?.. Енді, әне, көзден бұлбұл ұшқан сол «әжелеріміздің көзі» әлемдегі ең бай қолөнер туындысына айналып шыға келді. Шіркін, ұлттық санамыз қайта жаңғырып, баяғы әжелеріміз секілді бүгін де «алма ағаштың гүліндей-ау, текеметтің түріндей-ау»-ды айтып, кілем тоқып, текемет басуға қайта отырсақ қой...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста