Соңғы кездері Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ел назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы Мөлдір Мұқанованың ерсі қылығы тағы да жұртқа жақпай қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қызу талқылаған бейнежазбаны Мәдина Сәдуқасова өзінің телефонына түсірген.
Әлгі видеоға көз жүгіртсек, Қабатов Шымкентке Нұржан Төлендиевтің қызының ұзату кешіне кеткенде, Мөлдір Мұқанова шоу-бизнестегі құрбыларымен Маржан Арапбаеваның туған күнін тойлауға шығады.
Алайда Тұрсынбек Шымқаладағы тойды аяқтап, көп ұзамай ұшақпен ұшып келеді де, бірден үйіне емес, әйелі отырған сауық-кешке кіріп келеді.
Ойда-жоқта отағасын көрген Мөлдір алғашқыда сасқалақтап қалады, кейін еркелей кетеді. Тұрсынбектің әйелінің бұл әрекетіне көпшілік түрлі жағымсыз пікір жазып, оның қылығын жасандылыққа балаған.
"Сүйкімсіз, істегенінің бәрі өтірік. Тәрбиесіз, жабайы", "Ешқандай махаббат емес, жасандылық. Тұрсынбек әйелінің қылығына әрең жүр", "Мөлдір ерсі қылық жасайды. Дым үйлеспей отыр", "Барлық бұзықтық осындай қатындардан шығады", "Ырбықай бір жүрген", — деп жазды желідегі жұрт.