Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Алаш ұлдары тағы бір батыр бабасын ұлықтады. Талдықорған қаласының қақ төріне тірісінде ерлігі үшін Дарабоз атанып, елі үшін қан төккен Қабанбай батыр рухына арналған ескерткіш орнатылды. Ашық аспан астында өткен оның ашылу салтанатына жиналған халықта есеп болмады. Ұрпақтары бұл тарихи оқиғаны елдің бірлігін көрсететін шара екенін айтысып жатты.

Ұлтымыздың бірлігі мен берекесін, айбыны мен асқақ рухын көрсететін тарихи маңызы бар ескерткіштің ашылу салтанаты қыркүйектің 23-і күні өтті. Қала тұрғындарының айтуынша, бұдан бір күн бұрын жергілікті жерде сіркіреп жауын жауып, күн райы суық болған. Жұртты осылай әбігерге түсірген суық күн дәл баба ескерткіші ашыларда шайдай жарқырап, халықтың көңіліне ерекше шаттық сыйлады. Қалың ел мұны да Қабанбай батырдың аруағы, Алланың берген жақсылығына жорып жатты. Жиында сөз алған Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов: «Біз ырымға сенетін халықпыз ғой. Бүгін, міне, ауа райы ерекше жарқырап тұр. Бұл – батыр бабаның аруағының бізді қолдап, ұрпақтарына риза болғанының белгісі», – деп, бұл тек бір аймақтың, бір әулеттің емес, бүкіл қазақ ұлтының ортақ мейрамы екенін атап өтті. Құнды жәдігерлеріміздің қайта қаралып, осындай тарихи бағалы ескерткіштердің ел аймағында көптеп бой көтеріп жатқандығын жеткізді.

Салтанатты рәсімнен кейін дүйім жұрт ескерткіштің ашылуына арналған ұлттық ат спорты түрлері бойынша өтетін бәйге жарысына ағылды. Онда аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге тамашаланды. Ат десе, арқасы шымырлап, делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Әсіресе, мұнда аламан бәйгенің қызығы ерекше болды. Жал-құйрығы сусылдап, желмен жарысқан кілең марғасқа жүйріктердің шабысына таңданған, ат тұяғының қалың дүбірін естіген халық аттың жалы мен түйенің қомында өскен халық екенін бір сезініп қалғандай болды. Қиқулап шапқан шабандоздар мен тақымын қысқан елдің ат шабысына таңданған үнінен-ақ бұл нағыз қазақтың мерекелі күні екенін сезінуге болатындай еді. Сонымен 16 шақырымға шапқан аламан аттар да мәре сызығына жақындады. Бірінші болып мәреге Жамбыл ауданынан келген Қайрат Таймерденовтің Дауыл атты қарагер тұлпары жетті. Аламан бәйгеде жеті орынға дейін жүлде тағайындалды. Бас бәйгені жеңіп алған шабандоздың астына «Джип» автокөлігі мінгізілді. Құнан бәйгеде бас жүлдені — Фердаус, топ бәйгеде Жирентөбел жүйріктері жеңіп алды. Оларға да бағалы сыйлықтар тағайындалды.

Атасына ас беріп, бабасын еске алды дейтін халық осындай-ақ болар! Ат жарысынан соң қонақтар облыстың мәдениет үйінде өткен ақындар айтысын тамашалады. Қонақтар қызыл тілге дес бермеген ақындардың лебізіне дән риза болып, өз тілектерін білдірді. Онда бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ақмарал Леубаева жеңіп алды. Ал бірінші орынды — Талдықорған қаласының тумасы Жандарбек Бұлғақов, екінші орынды — елге белгілі айтыскерлер Айнұр Тұрсынбаева мен Балғымбек Имашев, үшінші орынды Рүстем Қайыртайұлы мен Күмісай Сәрсенбаева иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар үлестіріліп, «Қаракерей Қабанбай – Алаштың айбынды қолбасшысы» кітабы және Қабанбай төсбелгісі табыс етілді.

Біз Талдықорған жерінен Алматыға қас қарая аттандық. Артта ауыздығымен алысқан арғымаққа мінген, қолына ақ найза ұстаған, елін-жерін қорғап өткен Қабанбай батырдың ескерткіші қалып барады. Айбыны сонадайдан асқақтайды.

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:
– Батыр бабалардың рухына тағзым ету – бүгінгі және келер ұрпақтың алға апарар аманаттық ісі, перзенттік парызы. Елбасының тұрақты назарында тұрған «Мәдени мұра» бағдарламасы да осындай мақсаттарды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда облысымызда бірқатар игілікті істер атқарылуда. Ел тарихына, ұлттық құндылықтарға қатысты алуан шаралар өткізіліп келеді. Кейінгі бірер жылда Талдықорған қаласында Ескелді би, Балпық би, Қаблиса жырау сынды бабаларымызға, ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыриге, қазақ әдебиетінің өкілі Ғали Ормановқа, Сарқанда  Мұхаметжан Тынышбаевқа ескерткіш орнатылғанын көпшілік біледі. Енді, міне, тағы бір айтулы сәтте бас қосып тұрмыз. Қазақ тарихында ерекше орны бар Қаракерей Қабанбай батыр көрнекті жерде салтанатты тұғырға қонды.

Бердібек Шідербаев, жоба авторы:
– Ескерткішті салу үшін арнайы Қордайдың мәрмәр тастарын алып келдік. Тарихи жәдігердің сапасы бірнеше жылдарға дейін бұзылмай тұрады деп сенеміз. Ескерткіштің жалпы биіктігі 11,5 метрді құрайды. Оны салуға қордан 80 миллион теңгеге жуық ақша кетті. Біздің жұмысымызға бағаны халықтың өзі береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста