Продюсер кімге пайдалы?

Продюсер деген кім? Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ эстрадасында бұл сұраққа жауап беретін адамды табу қиын болғаны жасырын емес. Себебі ол тұста мұндай маман біздің қоғамда әлі жоқ-тын, ал бүгінде бар, тіпті көп десек те болады. Сондықтан продюсер мен продюсерлік деген тақырыптың төңірегінде жұртты қызықтыратын сауалдар өте көп. Осы орайда біз алғаш қазақ эстрадасына «Жігіттер» атты жаңа бір толқынды алып келіп, азғана уақытта оларды жұрт әндерін сүйіп тыңдайтын топқа айналдырған, сондай-ақ қазір «Жалын» тобы, Асқар Жүнісбеков, Болатбек Досыбаев сынды әншілердің арқа сүйеріне айналған Ерғали Әбдірайымовпен әңгімелесуді жөн санадық.

– Продюсер деген кім? Ақшасы бардан әнші жасап шығаратын адам ба, әлде шынында, талапты әрі талантты өнерпаздың бағын ашатын жан ба?

– Ақшасы бардан әнші шығару дегенді мен өзім дұрыс қабылдамаймын. Себебі бойында Құдай берген дарыны болмаса, миллиондап құйсаң да, одан әнші шықпайды. Ал енді дәл біздің жағдайда шыны керек, кезінде, мен жігіттеріме бермесем, олардың маған берер түгі болған жоқ қой. Бірақ бастысы, өнері, дарыны болды. Мен олардың өнерін халыққа жеткізуге септігімді тигізу үшін қолға алдым. Олар да мен не ішсем, соны ішіп, мен қайда тұрсам, сонда тұрып, солайша біте қайнасып кеттік. Сондықтан менің ұғымымдағы продюсер – ең алдымен қарамағына алған жас дарын иелеріне өз бауырындай қарайтын қамқор аға, екіншіден, олардың бойында бар өнерінен көпшілікке ұялмай көрсететіндей өнім жасауды басқарушы білікті басшы. 50 де 50 деп, тек тапқан пайданы бөлісіп қана отыратын продюсерлер мен әншілер де бар. Олар осы сіз айтқандай, ақшасы бардан әнші шығарған немесе әнші арқылы тек пайда табуды көздеген адамдар шығар. Сондай-ақ «менің әнші болғым келеді, қанша ақша берсем, маған продюсер боласың?» дейтін қалталы адамдар да кездеседі. Бірақ ақшасына қызығып алып, кейін бір жерде жанды дауыспен ән айту керек болғанда, жерге кірмейсің бе? Жанды дауысқа келгенде жерге кіргізетін дарынсыздың ақшасы неге қажет? Мұндай продюсердің де, әншінің де ғұмыры ұзақ болмайтыны анық. Себебі екеуін байланыстыратын – тек ортақ пайда, сондықтан әнші өзінің үлесін алып, бос уақытында ішсе де, қыдырса да өзі біледі. Ал мұндай продюсер мен әншінің бір-біріне бағынбауының түбі екеуінің ренжісуіне апарып тірейді. Ал ағалы-інідей болған жағдайда продюсер әншіге дұрыс пен бұрысты айтып, бағыт сілтеп отыра алады. Негізі, нағыз әнші де, продюсер де ақшаға емес, өнерге қызмет етуі тиіс деп ойлаймын. Ал ол үшін олардың ауызбірлігі, өнерге деген сүйіспеншілігі өте мықты болуы шарт.

– Бізде әнші мен продюсердің арасы қандай ереже талаптармен реттеледі? Қандай да бір келісімшарт бар ма?

– Келісімшартқа отыру үшін де әнші сол деңгейге жетуі керек. Себебі жаңа бір жобаны қолға алысымен оларға: «Бір айда осынша пайда табамыз, соның осыншасын сен аласың, осыншасын мен аламын», – деп айта алмайсың. Өйткені олар әуелі әнші бола ма, халыққа керек дүние жасай ала ма, алмай ма білмейміз ғой. Алдымен халыққа жұмыс істеу керек, тер төгу керек. Сонан соң көпшілік әншінің әнін сұрап тыңдайтын дәрежеге жеткенде барып, «міне, бауырым, сен енді жақсы әншілердің қатарына іліктің, ел-жұртың әніңді сүйіп тыңдап, іздейтін дәрежеге жеттің» деп, сол кезде ғана пайда бөлісу үшін келісімшарт түзуге болады. Әйтпесе әлі қолға тимеген, ауадағы ақшаны қайтып бөліске саласың? Менің бір жарым жылдан бері қолға алып, қаржы құйып жатқан жобаларым бар, мысалы. Мен олармен әлі келісімшарт түзгем жоқ. Себебі әлі де менің ойымдағыдай деңгейге жеткен жоқ. Егер мен оларға пайда табудың көзі ретінде ғана қарасам, мен: «Әй жігіттер, сендер маған ұнамай тұрсыңдар, халыққа әндерің өтпей жатыр» деп олардан бас тартуыма болар еді. Ал мен ақшаға емес, өнерге қызмет етемін.

– Келісімшарт дегенде мен тек ақша бөлісі жайлы ғана емес, жігіттердің жеке өміріне қатысты, мәселен, «бәлен жылға дейін отбасын құрмайсыңдар» деген сияқты қандай да бір шарттар мен талаптар қоясыз ба деп сұрағым келген?

– Жоқ, мен ешкімге «сен үйленбе» деп тыйым сала алмаймын, салған да емеспін. Адамның өзі қай кезде не істеу керектігін өзінің әлеуметтік жағдайына қарай шешуі керек қой. Бір кезде «ойбай, «Жігіттер» үйленбейді екен, себебі продюсері рұқсат бермейді екен» деген жел сөздің шыққаны да бар. Қазір, құдайға шүкір, «Жігіттер» біртіндеп үйленіп, үйлі болып жатқанын көріп отырсыздар. Демек, олардың отбасын асырайтындай, өнер мен өмірін қатар алып жүретіндей жағдайға жеткені.

– Продюсерліктің қиындығы неде?

– Қаржы табу, концерт ұйымдастыру деген оңай емес, әрине, бірақ одан да күрделі мәселелердің қасында мұндай материалдық қиындықтар екінші орынға түсіп қалады. Әнші тәулік бойына ән сала беретін, тек сонымен ғана өмір сүретін робот емес, ол да адам ғой. Сондықтан ол да әлеуметтік жағдайға тәуелді, ол да психологиялық жағынан түрлі күй кешеді. Тіпті кейде жаңа әні жайлы жұрттың бір-ақ ауыз теріс пікірі оның жанын жаралап, тіпті соған бола «менен түк шықпайды» деп қолды сілтейтін де кезі болуы мүмкін. Міне, осындай түрлі жағдайларда продюсері оның жанынан табылып, жігерлендіріп, ертеңгі күні жақсы күннің, жұлдызды сәттің туарына сендіріп, оған рухани да, материалдық та жағынан демеу болуы керек. Әннің бәрі бірдей хит болмауы мүмкін екендігін, репертуардың 80 пайызы халықтың көңілінен шықса, оның да жаман жетістік емес екендігін мен үнемі айтып отырамын. Міне, продюсерлік оңай жұмыс емес, кейде шаршап, қиналып та кететін кездер болады. Соңғы кездері мен өзіме бір көмекші мен PR-менеджер алдым. Шетелде бір әншіге бірнеше маман қызмет етеді. Бірі музыка жағынан, бірі концерт ұйымдастыру, менеджері, стилисі дегендей. Біз де біртіндеп соған жетеміз деп ойлаймын, себебі ол – қажеттілік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста