Қазіргі Қазақстан интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағытында ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Осы орайда білім беру ісіне серпін беретін салалық басылымдардың атқарар рөлі зор. Биылғы жылдан бастап бұл қатарға тағы да бес бірдей басылым келіп қосылды.
Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналдар санатына жататын бұл басылымдар бірін-бірі толықтырып, жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің бірнеше саласын қамтиды. Баспасөз айдынында қадамын енді ғана бастаған бұл басылымдар ұстаздар қауымының көзайымына айналып, ата-аналардың қызығушылығын туғызуда. Білім саласының барлық тақырыбын өзек ететін бұл басылымдар «Дулат»» жеке кәсіпорны жанынан құралған редакцияда дайындалады.
Дулат Болатұлы, «Дулат» ЖК-тың бас директоры:
– Соңғы жылдары еліміздің ақпарат кеңістігінде қазақ тіліндегі салалық басылымдар саны артуда. Соның ішінде білім беру саласына қатысты тақырыптарды қамтитын газет, журналдар мен интернет-сайттар жұмысы жанданып келе жатқанын айта кету керек. Біздің шығарып отырған бес журналымыз бүгінде орта мектептер арасында үлкен сұранысқа ие болып келеді. Журналдардың мазмұны мен сапасы жоғары, білімдік және танымдық ауқымы кең. Енді ұстаздар мен оқушылар қажетті мақалаларын, ашық сабақтарын, түрлі әдістемелік жұмыстарын және өзге де жаңалықтарын аталған басылымдарға жариялап, тұрақты автор болуларына болады. Бес басылымның біріне бір жылға жазылған түбіртекпен жіберілген материал тегін жарияланады. Әр журналдың бір жылға жазылу бағасы 2700 теңге. Журналдарға «Қазпошта», «Еуразия-пресс» бөлімшелері арқылы жазылуға болады.
«Мектепке дейінгі тәрбие» (инд.: 74341) журналында балабақша және мектептегі даярлық топтарындағы тәрбиешілер мен ұстаздардың әдістемелік жұмыстары жарық көреді.
«Бастауыш сынып әдістемесі» (инд.: 74342) журналында бастауыш сыныптардағы барлық пәндер және тәрбие жұмыстары қамтылады.
«Қазіргі мектеп» (инд.: 74339) журналында 5-11-сыныптардағы барлық пәндер бойынша әдістемелік мақалаларды және бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелері туралы жариялаймыз.
«Мектептегі өнер» (инд.: 74340) журналында бейнелеу өнері, музыка, технология пәндері, мектептегі үйірме жұмыстары қамтылады. Ұлттық, әлемдік өнер жөніндегі материалдардың танымдық аясы кең. Ұстаздар үшін пәнаралық байланысқа таптырмайтын көмекші құрал. Сонымен бірге мектептегі дарынды оқушылардың өлең-әңгімелері жарияланады.
«Педагогика және оқушы психологиясы» (инд,: 74343) журналы мектеп басшыларына, сынып жетекшілеріне, психологтерге арналған. Педагогика мен психологиядағы өзекті мәселелер қамтылады. Сондай-ақ ұстаздардың өлең-әңгімелері де жарияланып тұрады. Аталған бес басылымға жазылу жыл бойы жалғаса береді.
Педагогтерге пайдалы басылымдар
Последние статьи автора