Елімізде балаларға арналып түсірілген «Әнші болғым келеді» атты музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болып өтті. Фильм сценарийінің авторы және қоюшы режиссері Данияр Саламат. Кинотуынды идеясының авторы және бас продюсері Алтын Маханбетова.
Қазақ баласына арналған туындыларды түсіріп жүрген Данияр Саламаттың бұл алғашқы туындысы емес. Бұған дейін ол балалар мен жасөспірімдерге арналған «Әкем екеуміз», «Бәйтерек» фильмдерін түсірген болатын. Әнші болғысы келетін бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мергенбай ойнайды. Оқиға Әйгерімді футбол десе ішкен асын жерге қоятын 10 жасар Жасұланның жақсы көріп қалуы, осыған орай Әйгеріммен бірге студияға барып ән салып жүрген досы Ақжанның екеуін таныстыру бағытында жасаған күлкілі іс-әрекеттері төңірегінде өрбиді. Қазақтың ән өнерін насихаттап, балаларға музыкалық тәрбие беріп жүрген Алтын Махамбетова: «Бұл туынды үшін екі бөлмелі пәтердің ақшасын сарп еттім. Балаларымыз шетелдің құбыжық мультфильмдерін көреді. Ал ұлттық музыкамызды дәріптейтін кинолар аз болғандықтан, осы туындыны қолға алдық», – дейді. Фильмге сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Рахман Омаров пен Кенжебек Шайқақов, Бауыржан Ордин сияқты өзге де өнер шеберлері түскен. Балалар аталмыш фильмді сәуір айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай алады.
Пәтердің ақшасына кино түсірілді
Последние статьи автора