"Өзіңе көп алма, менің халқыма тиіспе": Досхан Жолжақсынов ресейлік журналистке жауап берді

Танымал қазақ актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қазақтар жайлы мәлімдемесіне жауап берді. Ресейлік тележүргізуші Украинаны мысалға келтіре отырып, қазақстандықтарға сес көрсеткен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты, Тигран Кеосаян! Сен сөйлеген сөзіңді айнадан көрдің бе? Саған қарауға кеңес беремін. Арамза Муссолиниді бейнелеп отырғандайсың.

Өзіңе көп аласың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, мықты болсаң, жоғары билікке бар. Ал менің халқыма тиіспе! Ұлтымның тарихын, көп ғасырлы рухани және мәдени өмірін, Еуразия кеңістігіндегі ұлтымның абыройы туралы саған айтып, уақыт жоғалтқым келмейді", - деп мәлімдеді Жолжақсынов.

Актер ресейлік журналисті "түкті шовинистке" теңеді. 

"Сен ұлтаралық араздықты тудырушы, арандатушысың. Сені Донецкіде, Луганскіде ұрыс алаңында көргім келер еді. Ұлы Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Ресей тележүргізушісінің мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. Онда ол қазақстандықтарға сес көрсеткен. 

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?", — деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста