Өзгенің сахнасынан өзіміздің дүниелерге орын бар ма?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Былтырғы жылдың қазан айында Баку қаласында дүниежүзiнiң театр қайраткер­лерi қатысқан «ХХI ғасырдағы театр және оның келелi мәсе­ле­лерi» атты үлкен конферен­ция өттi. Оған АҚШ, Жапония, Қытай, Италия, Германия, Корея, Испания бастаған әлем­нiң 64 елiнен театр өнерiнiң өкiлдерi қатысты. Бұрынғы одақтық мемлекеттерден Қазақстан, Тәжiкстан, Қыр­ғызс­­тан, Ресей және Балтық жағалауы елдерi болды. Қа­зақ­стан атынан сөз сөйлеген режиссер Есмұқан Обаев мыр­за шетелдік­терді: «Әлемде алты тiлде сөйлейтiн театрлары бар жалғыз ғана ел – Қазақ­стан. Бүгiнде Қазақстанда қа­зақ, орыс, кәрiс, немiс, ұйғыр, өзбек театрлары жұмыс iстей­дi», – деген пікірімен таңғалды­рып­ты. Көп ұлтты мемлекет үшін өзге ұлт театр­ла­рының болуы заңды да. Әйт­кенмен бұл театрлар қазақтың классикалық туын­ды­ларын, жалпы қазақ драма­тургтерінің шығармаларын қаншалықты сахналап жатыр?
Елбасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұратын елде өзге ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша еркіндік берді. Қазақтың ұлттық музыкант­тары, әнші-күйшілерге арналған арнайы орталық, сахна болмаса да, өзге ұлттардың жеке-жеке мәдени орталықтары баршы­лық. Сірә, олардың бізге өкпесі жоқ шы­ғар... Қанатын тұңғыш Батыс Еуропада жайған театр өнері әлемдік классикалық туындыларсыз өтпейді. Дүниежүзі бойынша қалыптасқан қағида бойынша, У.Шекспир, Данте, Петрарка, Сервантестің туындылары ел қаласын, қаламасын, жер жүзі адамдары мойындаған классика болып қала бермек. Кез келген сахнадан түспейтін де – осы авторлардың шығарма­лары. Қазақ халқының да ұлттық бет-бей­несін айшықтайтын классикасына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Абай», «Ай­ман-Шолпан», «Қобыланды» сынды шы­ғар­малар бар. Қазақы пайыммен аударыл­ған әлемдік туындылар да аз емес. Қазақ­тың классикалық шығармаларын бұрын­дары көрсетіп жүрген өзге ұлт  театрларының кейбірі соңғы уақытта қазақ драматург­тері­нің спектакльдерін көрсетпей кетті. Лермонтов атындағы орыс театры биыл ғана Д.Исабеков пен Қ.Мұхамеджанов, Е.Аманшаевтың шығармаларын көрсете бастаса, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры Д.Исабековтің «Наследники» («Мұрагерлер») драмасын қойып, қуантты. Ұйғыр театры Ә.Таразидің «Махамбет», И.Сапарбайдың «Сыған сере­надасы», У.Гаджибековтің «Аршын мал алан», Ә.Оразбековтің «Бір түп алма», И.Зайниевтің «Нәресте», Н.Махмудованың «Құдалар» сияқты қазақ, өзбек, татар дра­ма­ларымен көрерменін көзайым етуде.
Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор:
«Тахауи Ахтанов, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтерді ақтарып, қопарса, өзге ұлт театрларына қоятын дүние әлі де табылатын еді. Дайын пьеса күнде туа бермейді. Әуезовтің «Абай», «Айман-Шолпанынан» басқа пьесалар жүріп жатқан жоқ. Барымен базар бола бер­мей, мысалға, «Қобыланды», «Түнгі сарын» неге соларда жүріп жатпайды?! Островскийдің, Гогольдің пьесалары ежелгі дағдымен жазылған. Өзге ұлт театрлары дайын нәрсе қойғысы келеді. Драматургпен жұмыс істеу, басқа да жұмыстары бар, барлығы жалқаулыққа келіп тіреледі. Жастардың тақырыбында, жастардың тағдырына қатысты жазған Оралхай Бөкей, Қажығұмар Шабдан, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы пары­зын» неге сахнаға лайықтамасқа?! Тұтас романдарды алу оңай емес, со­ның іші­нен талдап, талғап алса... Коме­дия­ны трагедия қылып, трагедияны коме­дия қылып жіберуге болады, оның бар­лығы сахна­герлердің шеберлігіне байланыс­ты. Қазақ драматургтерінің шығармасын мүлдем қоймайды дей алмаймыз. М.Лермонтов театры – Дулат Исабеков­тің, өзбек театры Еркін Жуас­бектің шығар­маларын қойып жатыр».
Есмұхан ОБАЕВ, ҚР Халық әртiсi, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрының директоры:
«Әуезов театры күні кеше Түркиядан гастрольдік сапардан келдік. Басқа да шетелдерге барып, әлемдік, қазақ класси­касын қойып жатырмыз. Ресейдің театр­лары да Қазақстанның Әуезов, Мүсіре­пов театрларында Қалтай Мұхамеджа­нов­тың шығармасын қойып жатыр. Биыл Лермонтов театры Қ.Мұ­ха­меджановтың «Көктөбедегі кезде­суін» қойса, бұрын «Абайды», «Қозы Көрпешті» қойған. Батыс Еуропа шы­ғар­маларын, Шекспирді әлем қояды. Неге? Одан асқан, одан дарын­ды драматург жоқ. Класси­ка­лық туын­ды­лар­мен өсу керек. Қара­байды, Қо­зы­ны қашанғы ойнай береді?!  Дүниежү­зілік классикадағы Гамлетті, Ромео – Джу­льет­таны, Отеллоны ойнама­са, Король Лирді ойнамаса, қалай өспек?! Көрер­мен бес жылдан бері қойылып жүрген классикалық туынды – «Ромео мен Джульеттаға» аншлагпен келеді. Тек қана қазақты қоямыз, басқаны қоймай­мыз деген дұрыс емес. Актер үшін де, режис­сер үшін де классиканы қою – үлкен мектеп. Әуезовті, Мүсіре­пов­ті қойып жатыр. Өмір бақи бір орында тұрып қалып, сол пьесаларды қайталай берудің қажеті жоқ. Мысалға, Әуезов театрының репертуарында 34 шығарма болса, со­ның 10-ы ғана – классика, қалғаны – бү­гін­гі күннің аудар­малары. Аудармалар­дан, мысал­ға, қырғыздан неге біз Айт­матовты қой­май­мыз?! Ал орыс театрлары қазақ елінде тұрған соң, қазақ көрермені бар болған соң, қазақ драматургиясын қоюға міндетті. Ал 40-жылдардан бері сахналанып келе жатқан «Абай» қазақ­тың класси­к­а­лық туындысы болып қала береді. Өзіміздің ұлттық классикамыз сахнадан ешқашан түспейді».

P.S.
Дүниежүзінің театр қайраткерлері кеңес дәуірінде жиі бас қосып, араласып тұратын. Былтыр Бакуда өткен театр майталмандарының І халықаралық конференциясында сахнагерлер екі жылда бір бас қосып тұруға бел байлапты. Әр елдiң драматургтерi бiр-бiрiнiң пьесасын сахналаса, әлем театрлары қайраткерлерiнің бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу қажеттігі сөз болған келелі отырыс жалғасын табар болса, отандық ұлттық театр жанашырлары қазақтың классикалық туындыларын әлі-ақ әлем сахнасына шығарады. Солай боларына сенейік!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста