Қасымның «деген екендері»
Қара пальто
Қасым Аманжолов пен Ғабдол Сланов өзара сыйлас, сырлас екен. Бір күні Ғабдол басына көк елтірі құлақшын, үстіне көк жағалы пальто киіп көшеге шығыпты. Алдынан кездесе кеткен жұпыны киімді Қасымға қарап:
– Байғазы бер, – десе керек.
Қасымның қалтасы тесік, ақша тұрмайды.
– Байғазыға өлең берейін, – дейді ол.
– Мейлі, өлең берсең бере ғой.
Сонда Қасым:
Жігіттің көрдік жүйрік, шабанын да,
Япырмау, бір шаба алмай қаламын ба?
Үстімнен түспей қойды қара пальто,
Көк бөрік, көк жағаның заманында, – деп өлеңдетіп жіберіпті.
Қасым неге сыналды?
Қазақ поэзиясының классиктерінің бірі Қасым Аманжолов 50-жылдардың басында сталиндік жандайшаптардың талқысына көп түсті. «Ұлтшыл» деп айып тағылып, көп сыналыпты. Осындай жадап-жүдеп жүрген шағында, бірде сырлас бір досына:
– Мені сынап жүргендердің бәрі де менше жазғысы келеді. Бірақ амал қанша, жаза алмайды. Сосын да мені сынайды, – деп мұңын шағыпты.
Адамдар бар аласа...
Елуінші жылдардың басы болуы керек, бірде Ғабдол Сланов, Қасым Аманжолов және тағы бірнеше адам жаздың әсем бір күнінде қала сыртына, Талғар жаққа серуенге шығады. Сонда Ғабдол:
– Шын ақын екеніңді білейін, мына Талғар шыңы туралы табан астында суырып салып, бір шумақ өлең шығаршы, – депті.
Сонда Қасым қолма-қол:
Биіксің, Талғар, тамаша!
Тұрсың көкпен таласа.
Әттең, сенің бауырыңда
Адамдар бар аласа, – деген екен.
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...»
Последние статьи автора