Өскеменде Әсет Найманбайұлы атындағы байқау өтті

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген дәстүрлі әншілер бұл жолы Өскеменде бас қосып, Әсеттің әнін қалықтатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жиырмадан астам өнерпаздың ішінен айтулы өнер бәйгесінде оза шапқан астаналық Жақсыкелді Маясаров бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Әсет Найманбайұлы – қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген қазақтың суырып салма ақыны, әнші- композиторы. Заманының асқақ ақынын ұлықтауға арналған «Інжу маржан» атты республикалық байқау ШҚО дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Алғашқы байқау Семей қаласында ұйымдастырылған болатын. Бұл жолы, республикалық байқау Өскеменде өткізілді.
Екі кезеңдік сайыстың көркін қыздырған 23 әнші сын тезінен өтудің оңай болмағандығын сезінгені анық. Талап бойынша орындалатын әндердің ішінде Әсеттің әні болуы міндеттелді. Байқауда есімі елге белгілі Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкәрім, Сәуле Жанпейісова, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, Берік Омаров сынды қайраткерлер қазылық етті.
– Ұлы өнердің көшін жалғап жүрген өнерпаздарымыз осындай кең ауқымды конурстарда шыңдалады. Назардан тыс қалдырмай дәстүрлі әншілерге қолдау көрсеткен ШҚО басшылығына алғысымызды білдіреміз, – деді Рамазан Стамғазиев.
Қазақ әнінің құдіреті аспандаған Жамбыл атындағы драма театрындағы ән байқауының шымылдығы кешқұрым жабылды. Байқаудың жабылу салтанатында сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар республикалық байқау әр екі жыл сайын дәстүрлі түрде өтетінін айтып, жеңімпаздарды марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша жарты миллион теңге бас жүлдені астаналық Жақсыкелді Маясаров жеңіп алды. І орын алматылық Жасұлан Сақаевқа, ІІ орын Төлеген Шәкәрімов мен Біржан Бәзілхановқа бұйырды. Жасұлан Қоңыров (Алматы), Бейбіт Мұсаев (Талдықорған) пен Сырым Мұхаметжанов (Қарағанды) ІІІ орынды місе тұтты.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста