"Бәрі барлық жерде және бір уақытта" (Everything Everywhere All at Once) фильміндегі рөлі үшін Мишель Йео "Оскар" сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
60 жастағы малайзиялық актриса "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" фильміндегі басты рөлі үшін "Оскар" алды. Оскар сыйлығының 95 жылдық тарихында өзін азиялық текті әйелмін деп санайтын бірде-бір актриса бұл номинацияны алған жоқ.
Бұл сонымен қатар "Гейшаның естеліктері", "Марко Поло" және "Жасырын айдаһар" фильмімен танымал актриса үшін алғашқы "Оскар" сыйлығы.
Фильмде өмірі жақсы өтпей жатқан Эвелиннің оқиғасы баяндалады, бірақ ол кенеттен параллельді ғаламдарды шарлай алатынын және өзінің басқа нұсқаларына қол жеткізе алатынын біледі.
Кейт Бланшетт (Тар), Ана де Армас (Аққұбалар), Андреа Райсеборо (Лесли үшін), Мишель Уильямс (Фабелманс) үздік әйел рөлі үшін сайысқа түсті.