Орыс баласы домбыра іздеп жүр

Ол қырықтан астам шығарманы киелі домбыра­мен нақышына келтіре орындайды. Оның ішінде құдіретті қазақ күйлері, әуезді әндері де бар. Бірақ бойындағы бар талантты қалың жұртқа паш еткізуге қауқары болғаны­мен, қолы қазақтың бір домбырасына жетпей жүр! Төкпе күйді төгілтіп, шертпе күйді шегіне жеткізе шертуге Мишаның арнайы концерт­ке арналған аспабы жоқ.
Михаил Глазыриннің жасы – 19-да. Ұлты орыс болғанмен, оның жүрегі қазақ деп соғады. Бұны Мишаның өзі де мақтаныш­пен айтуда. Бозбаланың домбыраға ден қойғанына тоғыз жылдан асты. №1 музы­калық мектепте оқып жүрген кезінде наға­шы ағасы Нүсіпбек Жүнісов оны осы бір киелі аспапқа баулиды. Содан бері орысша тәлім-тәрбие алып жатса да, талабы бар бала іште қайнап жатқан талантымен маңайындағыларды тәнті ете бастапты.
Михаилдың өзге ұлт өкілі болса да, қазақ рухын асқақтатуға барын да, жанын да салып жүргенін Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының төрағасы Орал Шәріпбай да растап отыр. Орал ағаның айтуынша, ол Мишамен осыдан бес жыл бұрын танысыпты. Зерек баланың домбыраның құлағында ойнап отырғанын көргенде қатты қуанған. Содан Михаилды өзіне шақырып алады. Бүгінде домбырашы жігіт Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының басқарма мүшесі. Қазақша жақсы түсінеді, аздап сөйлейді де.
Семейдегі М.Төлебаев атындағы музы­калық колледждің ІІ курс студенті Михаил Глазырин бүгінде екі мамандық бойынша білім алуда. Бірі колледждің үрмелі-ұрмалы аспаптар бөлімінде тромбон мамандығы бойынша іштей оқыса, сырттай домбыра бөлімінде күйшілік шеберлігін шыңдауды қалыптастыруда. Жеткен жетіс­тігі де жоқ емес. Музыкалық мектепте оқып жүргенде 2006 жылы домбырашылардың облыстық байқауына қатысып, дипломант атанса, өткен жылы үрмелі-ұрмалы аспап орындаушыларының республикалық байқауында үшінші орынды иеленіпті.

Орал ШӘРІПБАЙ, Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:
– Михаилдың біраз уақыт бұрын қаладағы мектептердің бірінде домбы­рада ойнап отырғанын көзім шалды. Содан талабы барына көзім жетіп, өз қамқорлығыма алдым. Ол домбырада күй тартқанда кәсіби күйшілерден кем түспейді. Әсіресе «Аққу» мен «Балбы­рауын­ды», «Ақсақ құланды» бабына келтіре орындағанда тыңдаған адам­ның жүрегі шымырлап, керемет бір әсер алады! Сондықтан қалада өткен әрбір шарадан қалыс қалдырмауға тырысамын. Өйткені Мишаның бойын­да туа біткен табиғи талант бар. Керемет дарын бар. Бірақ бір өкініштісі, оның осы өнерін шыңдайтын арнайы кон­церттік домбырасы жоқ.
Осыдан болар, концерт болар алдында Михаил мен Орал Шәріпбай қосылып қаладан домбыра іздеп шарқ ұрады. Оның өзін жалынып жүріп жалға әрең табады. Өйткені кез келген домбыра күй ойнауға келе бермейтіні баршаға аян. «Концерттік домбыраның құны 40-50 мың теңге көлемінде тұрады. Күйдің құдіретті үнін халыққа жеткізу үшін сондай арнайы аспап болуы тиіс. Бірақ ондай мүмкіндік Мишада жоқ. Өткенде тіпті қала әкімі журналис­тер­мен кездескен сәтте Михаилды шақырып алып, қаншама адамның алдында күй тартқыздым. Ондағы бар ойым ұлтына қарамай, қазақтың рухын асқақтатып жүр­ген оны құр сөзбен емес, шынайы іспен дә­лел­деп жүрген осы бір жас жігітке жібі түзу домбыра табылса, демеушілер соған қолұшын берсе деген үлкен арман тілегім болды», – дейді Орал аға.
Михаил ГЛАЗЫРИН, домбырашы:
– Мен негізінен 3-сыныптан бастап музыкаға ден қойғанмын. Соның ішінде домбыраны ерекше жаныма жақын тарттым. Осы аспапқа бет бұрғалы үй­де­гі ағам да, анам да қазақ күйлерін тыңдайтын болды. Соңында қазақ тілін де меңгере бастады. Қазір барлық туыстарым қазақ домбырасынан төгіл­ген шығармаларымды сүйіп тыңдайтын жағдайға жетті. Мен Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Ди­на, Нұрғиса сынды атақты күйшілердің күйлерін шертпесем тұра алмаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста