Орта Азияның деректі фильмдері жинаққа енді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кеңестік кезеңде Одақтың құрамында болған елдердің кәсіби режиссерлері түсірген деректі фильмдерде сан жоқ. Алайда сол туындылардың көпшілігі өз дәуірінде жөнді көзге ілінбей, тиісті бағасын ала алмады. Тек Ресей режиссерлерінің түсірген деректі фильмдері ғана дәріптелді. Бүгінде осы олқылықты толтыратын уақыт жеткен секілді. Таяуда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Территория кино» клубында Орта Азия деректі фильмдерінің DVD жинағының тұсаукесері өтті. Аталған жинаққа кеңестік дәуірде және Тәуелсіздік алған жылдарда түсірілген 15 деректі фильм енгізіліпті. Жинақтың тұсаукесер салтанатына есімдері көпшілікке мәлім Ораз Әбішев, Ася Сүлеева, Владимир Тюлькин, Сергей Әзімов, Владимир Татенко, Әсия Байғожина, Бақыт Ғафу секілді белгілі режиссерлер қатысты.
Бүгінде Еуропа елдерінің Орта Азияға деген қызығушылығы өте жоғары. Жоба­ны жүзеге асырушы «Орталық Азия ки­не­­ма­тографиялық орталығы» қоры­ның бас­шысы Гүлнар Әбікееваның ай­туы­н­ша, жи­нақты шығарудағы негізгі мақ­сат – Орта Азиядағы Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжік­стан, Түрікменстан, Өзбек­стан секілді ел­дер­дің тарихын, ұлттық ерек­шеліктерін, тұр­мыс-тіршілігін, мәде­ние­тін басқаларға та­ныту. Сон­дай-ақ ірік­теліп жинаққа енгізілген деректі фильм­дер – кино тарихын зерттеу­шілерге, ки­но мамандарын даярлайтын оқу орын­дарындағы жас мамандарға және тарих, саясаттану, әлеуметтану, мә­де­ниет­тану секілді түрлі пәндердің оқы­ту­шыларына таптырмайтын құрал. Сон­дық­тан да бү­гінде 1000 данамен шы­ға­рылған жинақ оқу орындары мен кітап­ха­наларға тегін таратылуда.
Кеңес заманында деректі фильмдердің кеңес идеологиясының негізгі құралының бірі болғаны баршамызға аян. Сондықтан аталған жинаққа 1920, 1930, 1940, 1950 жылдары түсірілген деректі фильмдер енгізілмеген. Себебі бұл кездерде деректі фильмдерді Ресейден келген режиссерлер арнайы тапсырыспен түсіретін. Тек 1960 жылдары деректі фильмдер аздап ұлттық сипат ала бастады. Сондай-ақ бұл адам алғаш ғарышты бағындырған кезең бол­ған­дықтан, ғарыш, жаңашылдық тақы­рып­тарындағы деректі фильмдер көптеп түсіріле бастады.
Біз сөз етіп отырған жинақтың негізгі бө­лігін Орта Азия халықтарының әдет-ғұр­­пы, салт-дәстүрі жайлы деректі фильм­­­дер құрайды. Алайда бұларды тек этнографиялық дүние деп қарауға бол­май­ды. Әрбір картинадан тек ақпарат қана емес, әр режиссердің iшкi ойын, ұлттық мәдениетті қызғыштай қо­руын байқауға болады. Айталық, тәжік хал­қы сүйсініп көретін Д.Худназаровтың «Бе­сік жыры», М.Юсуповтың «Галла», қыр­­ғыз режиссері Б.Шамшиеваның «Ма­нас­чи», А.Айтыкееваның «Биік жағалау», түрік­мен режиссері С.Молланиязов­тың «Құдық» және «Шопан досы» фильмдері, сон­дай-ақ тәуелсіздікке қол жеткен жыл­дары өзбек режиссері Д.Қасымов түсірген «Ахмет Яссауи» фильмі және қазақ ре­жис­сері О.Әбішевтің «Ашық алақан құ­пия­сы», Б.Қайырбеков­тің «Мұсылман­шы­лық­қа дейін­гі қазақ ғұ­­рып­тары» се­кіл­ді деректі фильм­дері на­ғыз ұлттық мұ­ра бо­лып табы­ла­ды.
Жинаққа енген фильмдердің ішінде кеңес иделогиясына қарсылық білдіретін фильмдер де жетерлік. Ойын ашық жет­кі­зе алмаса да, пікірін тіліп айта ал­ма­са да, сол тұстағы жағдайға сыни көз­қа­рас­та­рын білікті режиссерлер өз фильм­дері ар­қылы жеткізген. Оған дәлел – қырғыз ре­­жиссері Т. Океевтің «Бұл – жылқы­лар» фильмі, тә­жік режиссері Б.Са­дықовтың «Адонис XIV», түрікмен режиссері М.Әлиев­тің «Аура», өзбек ре­жиссері Б.Му­за­­фаровтың «Аралқұм», қа­­зақ­стан­дық режиссер В.Тюль­­кин­нің «Пове­ли­тель мух» фильмі. Жи­нақ құ­рамын­да­ғы ерекше атауға бола­тын де­ректі фильм қырғыз режиссері Мелис Убу­кеев­­­тің «Кеңес Одағына қыз­мет етемін» фильмі. Бұл картина өте кең та­ныл­мағанымен, фильм­де автор поэти­ка­лық форма­да кеңес адамының сана­сы­ның ми­литари­за­ция­сына қарсы шыға білген.
1985-90 жылдар, яғни қайта құру ке­­зеңінде кеңес кинодокументалисти­ка­сы біршама биіктерге көтерілді. Осы ке­зеңдерде Орта Азия республикаларының әр­қай­сысында өткір әлеуметтік тақы­рып­тағы фильм­дер түсірілді.
Деректі фильм түсірушілер ылғи қызу оқиғаның ортасында жүргендіктен, қо­ғамдағы өзгерістерді дөп басып, сол уақыт­тың тынысын беруге тырысады. Мәселен, Алматыда 1986 жылы орын алған оқи­ғаны баяндайтын «Хроника объявленной де­монстрации» фильмі, Тәжікстандағы аза­­­­­мат­тық соғысқа байланысты «Хоки ва­тан» және «Іссапар», 2005 жылғы наурыз­­да болған Қырғызстандағы көте­рі­ліс тура­лы «Жетінші қабаттан төмен қарай» де­ген се­кіл­ді туындылар. Бұлардың бар­лы­ғы ке­ңестік дәуірде түсірілген үздік фильм­дер. Сондықтан мұндай жинақ қа­зір­гі де­ректі фильм кенжелеп тұрған шақ­та ре­жис­сер­лерге қайта серпін беретініне сенейік.

Дерек
Орта Азияда XX ғасырдың бас кезінде алғашқы болып өзбекстандық әуесқой кинематограф Худайберген Деванов деректі фильм түсірген болатын. Ол өз фильмінде көшедегі, базарлардағы адамдарды, қаладағы құрылысты, су каналын көрсеткен еді. Ал Орта Азиядағы ең алғашқы кәсіби оператор өзбекстандық Малик Каюмов 1927 жылы «Паранджа» атты деректі фильмінде революциялық митингтерді, өзбек әйелдерінің беттеріндегі пәренжілерін шешіп лақтырған көріністерді түсірген. Ал тәжік деректі фильмінің тарихы 1929 жылы түсірілген «Душанбеге алғашқы пойыздың келуі» деген фильмнен бастау алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста