Орал қаласында Қадыр ақынның ескерткіші мен орталығы ашылды

Орал қаласында Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әліге есткерткіш қойылып, ақын атындағы мәдениет орталығы ашылды.
Қаламының қуатымен, дара дарынымен, ұшқыр ойымен сан қабат тіршіліктің кейбір келеңсіз көріністерін өткір сынай отырып, халқының бар қадыр-қасиетін, мінез-келбетін Қадырдай көрсете білген талант кемде-кем. Ендеше, оған ел құрметі де мәңгілік.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Сенат депутаты, ақын Нұрлан Оразалин Қадыр ақын туралы тебірене сөз алды.
Ақынның зайыбы Салтанат Мырзалиева Қадырға көрсетіліп жатқан құрмет үшін еліне шынайы ризашылығын білдірді. «Өзім үшін күресте жеңілсем де, Елім үшін күресте жеңілмеймін», деп өткен Қадырдың бұл елге оралуы, мәңгілік ғұмырының басталуы десе де болады.
Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы салтанатпен ашылғаннан кейін Қытайдан, Италиядан алынған замауани жабдықтармен жасақталған 150 орындық концерт залында мәртебелі меймандар тарту-таралғыларын ұсынды. Соның ішінде белгілі кәсіпкер, ақын қорын құрушылардың бірі Құндыз Нұпов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан автокөлік кілттерін табыс етті. Өнер орталығын салған мердігер «Болашақ-Т» компаниясы да құр қол келген жоқ.Жаңа орталықта ақынның кітапханасы, музейімен қатар Ақ Жайықтан түлеп ұшқан басқа да қаламгерлер, өнер қайраткерлері туралы мағлұмат беретін бұрыштар бар. Қазақстан Жазушылар, Композиторлар және Суретшілер одақтарының өңірлік филиалдары осында орын теппек. Мұнда түрлі әдеби, мәдени шараларды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік жасалған.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш болып, «Өлмес өлең» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. Бүгін ақынның 80 жылдық мерейтойы Сырым ауданында жалғасады.

baq.kz 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста