Оқушылар мен ата-аналар сайысы

Оқушылар мен ата-аналар сайысы

Наурыз айы «сендердің асыға күткен көктемдеріңді алып келдім» дегендей, шуағын шашып, күн жылынысымен Ұлыстың ұлы күнін Амантоғай орта мектебінің оқушылары жылдағыдай ерекше көңіл күйде қарсы алуды ұйғарды. Әдеттегі үрдіске өзгеше реңк беріп, Наурыз тойына дайындық қызу басталды.
Жылдағы қойылымды биыл оқушылар басқаша өткізуді ұйғарып, Наурыз тойының сценарийі жаңаша құрылды. Бесікке салу, тұсау кесу сияқты жылда қойылатын көрі­ністер биыл қайталанбады. Ал бұл тойға олар­дың ата-аналары қызық көру үшін келген жоқ, олар да белсене араласты. Әсі­ре­се бастауыш сынып оқушыларының бел­сенділігі ерекше болды. Олар өздері бір топ болып, олардың ата-аналары екінші топ болып, бір-бірімен жарыс ұйым­дас­тырды. Ұлыс күні орындалатын салт-жо­ралғылар бәсекелестік түрде орын­далды. Үлкендер жағы барын салып өнерлерін көрсеткенімен, балаларынан жеңіліс тапты десе де болғандай. Өйткені ба­лалар Тазша бала, Алдаркөсе, Қо­жа­насыр болып, әзіл-қалжың, сын-сықақ, әжуа-оспаққа құрыл­ған қызықты ойындар, көңілді көріністер көр­сетті. Наурызкөжені тоя ішкен бала­лар екінші бөлімде «Қыз сынын» өткізді. 1-інші және 2-сынып оқу­шылары арасында өткен бұл байқаудың же­ңім­пазы өнерімен жұрт­ты тамсандырған 1-сынып оқушысы Зере Андрейқызы болды.
Шолпан ТЕМІРЖАНОВА, Амантоғай орта мектебінің директоры:
– Ұлттық киімдерін киіп, наурызкө­же­ден бастап барлық ұлттық та­ғам­дарын көтеріп, Наурыз тойын тойлауға кел­ген ата-аналарының бұл іс-шараға белсене қатысуынан ба­лалар зор жауапкершілікті сезінді. Сөй­тіп, балалар бұл мерекені жай ғана атап өте салмай, аса жоғары деңгейде өт­кізу керек екенін түсініп, бар өнер­ле­рін салды. Ата-аналар балаша шын ықы­­ластарымен жарысып, оқушылар ере­сек адамдарша салмақты кейіппен өнер­лерін көрсеткенде, қызықтап отыр­ған көпшілік қауым риза болып қол соқты. Әрине, еліміздің мәдени та­ри­хын білуге пайдалы мұндай кез­де­су­лер­дің оқушылар үшін танымдық ма­ңызы зор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста