«Өнер қырандары» өзгеше кеш өткізбек

«Той десе қу бас дома­лай­ды» дейді қазақ, оны айтасыз, тіпті қазақтың кейбір «тойына» АҚШ-тағы «Ақ үйдің» төрінде отырған Обама шалдың қара баласы Барак та келсе таңғалмаңыз. Нанбасаңыз, сәуірдің 18-і күні кешкі сағат 19.00-де Алматыдағы Студенттер сарайына келіңіз. Сол жерден Баракты да көресіз әрі күліп-ойнап кетесіз. Өйткені сол кеште «Өнер қырандары» өздері өз болғалы жеке кешін өткіз­гелі жатыр. 70 пайыз паро­дия мен 30 пайыз қазақ­тың салт-дәстүріне құрылған бұл кешті көрген де арманда, көрмеген де арманда қалатын түрі бар. Себебі бұрынғы – бұрынғы ма, «Өнер қырандары» бұл кеште осыған дейін көрсет­пеген өнерлерін паш етпек!
Ел-жұртты риясыз күлкіге көмкеріп жүр­ген «Өнер қырандарының» арамызда жүргеніне де бес жылдан асып жығылыпты. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түскен студенттердің арасынан ең бірінші осындай бір топ құру Әнуардың ойына келсе керек. Сосын Әнуар Мадияр атты жігітке (бүгінде бұлар­дың қай-қайсысын да танымайтын адам жоқ) айтып, сонымен не керек, әзілге жүй­рік, сөзі мірдің оғындай деген бес-алты жігіттің басы құралады да, бірінші болып Есен Елеукеннің Көңілділер мен тапқыр­лар клубында тұсауы кесіледі ғой. Сахнаға «кө­ше­ден» келе салған сабаздар емес, өнер­ге кәдімгі кәсіби білім ордасы арқылы кіріскендіктен, алдымен ұстаздары алдын­да­ғы абыройларын ойлаған олар жай шықпай, ә дегеннен бір жаңалықпен жарқ етейік деп түйген-ді. Расында, жарқ етті, не­сі­мен дейсіз ғой? Оны мына сіз бен біз жақсы білеміз, қол шапалақтауға шама­мыз келмей күлеміз, яғни «Өнер қыранда­ры» десе, көз алдымызға бірден әншілер­дің бәрі тізіле қалады. Екі езуі жиылмайтын Еспанның Нұрланы бар ма, Ақ әжелерін тізілтіп ертіп жүретін Албанның Нұрланы, Ұлықпан, «Каспий», «МузАрт» – барлығы­на пародия жасаған оларға дейін ешкім болмаған еді. Бір сөзбен айтқанда, «Өнер қырандары» – пародияға жан бітіріп, оны жан-жақты байыту арқылы қазақ сахна­сына тың жаңалық алып келген топ.
Тұңғыш шығармашылық кештерін айтарлықтай өткізу үшін барын сала да­йындық жүргізіп жатқан жігіттердің арасы­нан біз Сырымбетпен сөйлесе алдық.
Сырымбет Бибосынов, «Өнер қырандарының» өкілі:
– Негізі, Өнер академиясында КВН деген ұғым жоқ, яғни қазақта кенже да­мы­ған өнердің бұл түріне бертінге дейін кәсіби мамандар тарапынан жаратпау­шылық ашық айтылып, тіпті тыйым са­лып келгені жасырын емес. Біз алғаш тә­уе­келге бел буып, сол тыйымның шын­жырын бұздық десек болғандай. Әрине, алғашында бізге ұстаздарымыз­дан қа­шып-пысып болса да барымызды сала да­йындалуға тура келді, себебі біз тек сол КВН деңгейінде қалып қоймайтыны­мызды білдік. «Жүрген аяққа жөргем ілігер» немесе «Тәуекел түбі – жел қа­йық» деп, үлкен өнерге қадам бастық. Былтыр бірінші рет «Наурыз думан» атты жоба өткіздік. Мәскеуден көрген тәжіри­беміз осы ретте көп көмегін тигізгенін айта кетуіміз керек.

«Мәскеуден көрген тәжірибеміз» деген сөзді әріден түсіндіре кетсек, «Өнер қы­ран­дары» кезінде ресейлік үлкен жоба «Боль­шая разницаға» қатысқан. Ал Ресей­дегі сатира саласының деңгейі бізге бел­гілі. Ендеше, кіл мықтылардың арасында өт­кізген аз да болса сол мезет қазақтың талантты да талапты жігіттерінің жігеріне от берген-ді. Олардың өнерден өз соқпақ­тарын пародиядан іздеуі табылған ақыл болды.
Білгенге, пародия – үлкен ізденіс пен кәсіби шеберлікті талап ететін жанр. Сыни жанр деуге де болады, себебі оған күлкілі болу үшін аздап та болса нысанаға алынып отырған адамның кемшілігі немесе ешкім­ге ұқсамайтын бір қылығы тиек етіледі. Бас­тысы, пародия танымал адамдарға жа­са­лады, сондықтан оған ілігудің өзі кейіп­кердің ел ішінде кең танылғандығын біл­ді­реді. Алайда кейде әзілді дұрыс түсінбейтін әлдекімдер болса, «мен мұндай емеспін ғой, неге мені мазақ етесіңдер?» деп рен­жуі әбден мүмкін. «Сондай реніш иелері бол­ды ма?» деген сұрағымызға Сырымбет былай деп жауап берді:
– Керісінше, «маған неге пародия жа­са­мадыңдар» дегендер көп болды десем, сене қояр ма екенсіздер?.. Себебі біз кімді нысанаға алсақ та, олардың жақсы жағын, ел білмейтін жақтарын көрсетуге тырыс­тық. Пародия кекету, мұқату деп ойлай­тын­дар болса, олар қателеседі. Себебі әр әнші қандай болса да, оның өз аудито­риясы бар, солардың алдында оның беде­ліне нұқсан келтіруге біздің қандай құқы­мыз бар? Сондықтан біз кімге паро­дия жа­са­сақ та, оның жақсы жағы мен әдемі, тәт­ті қылықтарын көрсетуге тыры­самыз.
Жалпы, біздің кешімізге келген кім де болса жақсы әсер алып, тіпті әзілдің өзі­нен имани сабақ алып қайтуы керек. Күлкі де қуыс кеудеден шықпай, салмақты ой­дан шықса, онда көрерменге міндетті түр­де ой салары сөзсіз. Қазір, мысалы, бала­сын туып тастап кетіп жатқандар бар, өзін өмір бойы өсірген ата-анасын қартайғанда керек қылмай, қарттар үйіне өткізіп жат­қан­дар бар, соларды да әзілге тиек етіп, жұртты ойландыруға болады. Осы тұста бір сырдың шетін айтып та қояйын, осы ал­ғашқы кешімізді абыроймен өткізсек, ал­да­ғы уақытта таза имани кеш өткізу ойы­мызда бар.
Ендеше, «Өнер қырандарының» бет­ал­ыс­тарына сәттілік тілей отырып, «Нұр-Мұқасан», Тоқтар мен Бейбіт, «Меломен» сын­ды қонақтар әрін аша түсетін кешке асы­ғайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста