«Оң қолдан» басталған оң жол...

«Оң қолдан» басталған оң жол...

Жақпар тастан естілген жаңғырық үні дала кезіп, шырт ұйқыдағы жамағатты тәңсәріден оятқандай әсерді алу үшін даланың дарқан мінезін көкірегіне ұялатқан, қаламының жүрген ізінен жылулық есіп тұратын Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу керек. Жетпісті желкелеген жазушы – өзге замандастары секілді әдебиеттің ауылына ерте ат байлаған азамат.
Төртінші курста оқып жүрген шағында жас жазушылардың тырнақалды туынды­лары енгізілген «Таңғы шық» шығармалар жинағына Төлен ағамыздың «Райхан» әң­гі­месі де кіргізілген екен. Осыдан бастап, жалпақ жұртқа жазушы ретінде танылған қаламгердің қиялынан қоғам шындығын, өмір ағысын бейнелейтін тұшымды дүние жазбасқа моралдық тұрғыдан құқығы қал­мады. Міне, осы бір қасиеті үшін барша қа­лам­дас­тары құрметтейді, қадірлейді, төбе­сіне көте­реді. Осыдан аз ғана уақыт бұрын Ас­тананың бас сарайы Конгрес-холлда шы­ғармашылық кешін өткізген Мұх­тар Ша­ха­нов кеште өзі бола алмай ауырып қалған болатын. Бірақ ауруханада жатса да, досы­ның көңілі үшін сырқатына қара­мас­тан, сарай төрінде қасқайып тұрып өлең оқы­ған Мұхтар ағамыз да ерлік көр­сетті. Кеш иесі де – осындай құрметке ла­йық­ты жан! Бұл қос тауды біріктіріп тұрған сөз, әдебиет атты шеті шексіз рухани әлем екені айқын.
Мұхтар ШАХАНОВ, ақын:
– Төлен – менің ең жақын досым, аз ғана сырластарымның біреуі. Сондықтан оның тойына келмеу – мүмкін емес мәсе­ле. Ауруханада жатқанымды бар­лы­ғы­ңыз білесіздер. Дәрігерлерден осы кеш­тің тым болмаса ашылуында болайын деген өтінішпен өз уақытымның жарты сағатын сұрап алып келіп отырмын. Дү­ниеде өз уақытыңды өзің сұрап алғаннан жүрекке ауыр тиетіні жоқ екен, онсыз да ауру жүрек үшін. Төлен екеуміздің ойы­мыз бір, мүддеміз қашан да ортақ. Жү­ре­гіміз бен тілегіміз де бір мақсат үшін жұмылған. Осы бірлігіміз ажырамасын.

Әшірек СЫҒАЙ, жазушы:
– Төкең – өзім қатты қадірлейтін, қа­лам­дас дос-ағам. Бұл кісінің шығарма­шы­лығында кеңес үкіметін мадақтайтын бірде-бір шығарма жоқ. Бірақ өмір бойы орталық комитетте істеді. Бұл үл­кен қарсылық тудыратын жайт болатын сол кездің өлшеміне салсақ. Төлен Әбдік  – шын жазушы. Жазушы – дәуір мен дә­уір­ді, ғасырлар мен ғасырларды байла­ныс­тыратын, таудан тас құлатқандай, зеңгір аспанда қолымен бұлт қайыр­ғандай ғаламат күш иесі, алып әрекеттің адамы. Ал Төлен осы айқындауыштың бар­лығына сыяды. Үйде отырып, әлемді қиялымен кезіп, керемет суретті көз алдыңа келтіретін қасиеті бар жазушы­лардың бірі осы Төкең десем қателес­пеймін. Төленнің шығармаларында оқи­ғалар басқа елде өтіп жатқанымен, он­да­ғы мінез бен көрініс біздің қазақтың болмысынан ешқашан алшақ кеткен емес. Мәселен, «Оң қолды» оқыған кез­де мен өзімнің оң қолымнан бір айға дейін сескеніп, шошып жүрдім. Міне, шығарманың күші, қуаты осылай болуы керек. «Айтылмаған ақиқат», анау «Өлі­ара» романы, «Көктерегін» алыңыз, қай-қайсысында да жазушының ой ұшқыр­лы­ғы алдыңғы кезекте тұрады. Тұтас пси­хологиялық шендесудің шебер құ­ры­лымдары бар. Бұл – Төленнің табиға­тына тән дүние. Әйтпесе жыл сайын кітап жазатын жазушыларды көріп жүр­міз, тындырғаны шамалы... Сондықтан Төкеңді жетпіске келді деп қиюға болмайды, жетпісті айтып азсынуға да болмайды. Алла тағала қанша ғұмыр берсе, соны жасай берсін! Бұл – Жарат­қан­ның қолындағы билік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста