Өлінің қамын тірі жер

Тұрсынғазы Рахимов ағам қайтыс болыпты. Кәдімгі, сәби болғысы келетін, дариға деп домбырасына қол созатын, аякөз аруынан айналып-толғанып жүретін Асыл ағам. Ұлт қазынасы- кешегі Біржан Сал, Ақан Сері, Үкілі Ыбырай сияқты ұлылар көшінің бүгінгі жалғасы, бүгінгі биігі, Жүсекеңнің шәкірті, Жәнібектің үзеңгілесі Түкең біздің. Мұқағалиға ғашықтығы сондай, қарапайымдығы сондай, ешкім оны елеп-ескермей қойған соң Аякөзден Нарынқолға КАМАЗ жалдап, қырсық шопырды "Қарасазға жеткенше ән салып барамын" деп көндіретін Тұрсекең біздің. Адамды алдауды білмейтін ақккөңіл ағам екі күн бойы ән салып жеткен ғой Мұқаң туған топыраққа. Ақ сүттей ақ көңіл болған соң ғой, аңғал болған соң қазақ өнерінің қаймақтарының бәрі де Түкеңді шыр айналдыратын еді. Бауырлары біз де сол дүрмекке қосылып кететінбіз. Тым жақсы көрген соң ғой. Өзінің аңғалдығына өзі күліп жүретін қайран аға, бақұл болыңыз! Ол кісінің "Тірінің қамын тірі жер" дейтін әні бар. Осы уақытқа дейін ешкім орындамай келген-ді. Оның әнін мен ғана білгендіктен, аңда-саңда ұмытып қалмау үшін ыңылдап қоятын едім. Енді, міне, сол ән ағаның өзі бақилық сапарға аттанған кезде, талантты бауырым Еркін Шүкіманның орындауында айтыла бастады. Әннің дүниеге келу тарихы мынадай: Семейде мықты жазушы Талғат Кеңесбаев дейтін жігіт бар. Шығыстың қаламгерлері- талантты ақын Нұрлан Мәукенұлы мен сол Талғат Кеңесбаевтар жақсы дос болған. Нұрлан Мәукенұлы қайтыс болып, жылын өткізер шақта Талғат досын есте қалдыратын бір дүние жасағысы келеді.(Кітабын шығарудан бөлек) Сөйтіп, Тұрсынғазы ағасын үйге ертіп алып келеді. Етін астырып, шайын дайындатып қояды. Ағасының қолына Нұрлан Мәукенұлының "Тірінің қамын тірі жер" дейтін өлеңін ұстатады да: "Тұрсеке, мына өлеңге ән шығару керек. Тура осы жерде, бүгін. Ешкім кедергі жасамайды. Ән шықпай, қайтармаймын" дейді ғой. Жазған құлда-не шара? Өзі ықлас көрсе етпетінен қолын тіремей құлайтын Түкең болса! Домбырасын алып уілдеп бастайды. Тәкең ара-арасында камерасын іске қосып, ағасының буырқанған сәттерін білдірмей таспаға тартып қояды. Түкеңнің шабыты тасқын ғой. Ән туады. Оны Тәкең жақсылап таспаға басып алып, орап сақтап қояды. Таспасын Алматыға әкеліп маған көрсетті. Ән ғажап! Қайта-қайта көре берген соң менің көкейімде жатталып қалыпты. Бірақ әнші ағам өзі шәкірттерінің біріне беретін шығар деген оймен ешкімге ұсынбай жүрдік. Түкеңнің қатты науқастанып жатқанын естіген соң Тәкең таспасын қайта қарап, әнді Еркін Шүкіманға табыстапты. Ал мына "Өлінің қамын тірі жер" дейтін тіркес сол әннің ішінде бар. Марқұм Нұрлан Мәукенұлының өз сөзі. Шынында да солай болып тұр.

Тiрiнiң қамын тiрi жер,
Тiрiлер бiрiн бiрi жер.
Тiрлiкте қашқан қадiрiң
Өлгенде ғана бiлiнер.

Өлiнiң қамын тiрi жер,
Жоқтауын салып жүгiнер.
Жоғалтып алған асылы
Айрылғанда бiлiнер.

Тiрiнiң қамы – бас қамы.
Күнде бiр әлем – ашқаны.
Күйремейтiндей көңiлi,
Құламайтындай аспаны.

Өлiнiң қамы – өз қамы.
Топырақ болып тозғаны.
Азасын тұтқан ағайын
Мәңгiлiк мекен қазғаны.

Өлiнiң қамы – өз қамы,
Өгейсiп кеткен өз қаны.
Бiр уыс топырақ бұйыртып,
Маңдайға бақыт жазғаны…

Тiрiнiң қамы – бас қамы,
Таусылмайтындай дастаны.
Өлеңшiл өзен өткенi.
Айғайшыл асу асқаны.

Өлiнiң қамын тiрi жер,
Тiрiлер бiрiн бiрi жер.
Бiр күнi бiз де барамыз,
Сен аман болғай, сiрi Жер!

Серік Жанболаттың Фейсбуктағы парақшасынан алынды Осы әнді Еркін Шүкімановтың орындауында тыңдағыңыз келсе мына сілтемені басыңыз:

www.facebook.com/profile.php

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста