Ойыншық мәселесі ойыншық емес

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақтың қай бүлдіршіні болсын қуыршақпен ойнап өсетіні белгілі. Тіпті естен кеткен ескі заманда да балшықтан бала жа­сап, қолтығына қысқан тұлым­шағы желбіреген қыздар болғанын тарих та растайды. Қазіргі заман қалай? Бүгінгі бала немен ойнайды? Ойыны ойсылса да, қазір сан алуан ойыншықтар дүкенде самсап тұр. Бірақ олардың сапасы күмән тудырады. Себеп – олар­дың көбі Қытайдан шыққанында...
Қазір балаңызға ойыншық іздесеңіз, ең алдымен, оның бағасына, одан кейін барып қана сапасына қарайсыз. Бұл қи­сын­сыз болса да, барлық ата-ана осылай етуге мәжбүр. Алайда көпшілік жұрт ойын­шықтың бала ағзасына кері әсер ететінін біле бермейді. Сапасы сын көтермейтін, бірнеше күннен кейін-ақ сынып қалатын жылтырақ ойыншықтар нарықты жаулап алды. Әсіресе жұмсақ ойыншықтардан жұғар, келер қауіп жаға ұстатарлықтай. Іштерінде түрлі химиялық заттары бар қуыршақтар дүкен сөрелерінде сіресіп тұр.
Дабыл қаққан дәрігер мамандар қуыршақтың құрамындағы қорғасын көп болса, баланың тірек-қимыл жүйесіне кері әсер ететінін айтуда.
Серік АЯҒАНОВ, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, хирург:
– Қуыршақтың құрамындағы химиялық заттар балалардың оқуға қабілетін төмен­детіп, мінез-құлқына кері әсер етеді. Ал ойыншықтың құрамындағы мырыш болса, терінің зақымдануына, қан қысымының бұзылуына, ең жаманы – интеллек­туал­дық деңгейдің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Жас балалардың жүйке жүйесі әсіресе сынапқа аса сезімтал келеді. Сынап ақыл-ой қабілетін жоғалтуға, кей жағдайда тіпті көздің көру қабілетін жоғалтуға әкеледі.

Бірақ оны ойлап жатқан ата-ана жоқ. Бала­сы үшін бәріне әзір. Қуыршақтың сапасы туралы ойланып жатпайды. Бала­сы­ның жүзіндегі бір сәттік қуаныш нұрын көру үшін қалтасындағы тиынын қағып бере салады. Ал тауардың сапасы туралы сер­тификат, оның құрамының арнайы са­рап­тамада өткен-өтпегені жайлы мәліметті сұра­майды да және оларды қызықтырмай­ды. Бұл барлық ата-ананың бойындағы кем­шілік болып есептеледі.
Көрпесіне қарай көсілетін халық 30-40 мың теңгенің айналасындағы жа­ла­қысы­ның 10 мыңына қайтіп қуыршақ ал­мақ? Оның орнына бір баласына болса да киім алғаны тиімді емес пе?!. Ал Қытай­дың арзан қуыршағы бұл жерде қалтаға сай.
Қыдырәлі Болмановтың қазақы үлгі­де­гі ән айтатын қуыршақтары бәсекеге тө­теп бере алғанымен, бағасы қарапайым халық үшін қымбат болып тұр. Бұл орайда ойыншықтардың қазақы тәрбиеге негіз­дел­гені көңіл қуантады.
 Қуырдақтың көкесі – қуыршақта. «Бар­би» қуыршақтары туралы айтыла-ай­тыла жауыр болса да, ол сөрелерде сам­сап тұр. Санын жалтыратып, кеудесі най­за­дай шаншылған бұл қуыршақтар – қазір әр бүлдіршіннің қолында. Ал сонда бала тәрбиесі туралы қайтіп әңгіме қозғамақ­пыз? Бесіктен белі шықпай жатып жыныс­тық мәселе туралы ой тудыратын қуыршақ ба­ла­ның психологиясына кері әсер етіп жат­қаны анық.
Айнұр РАХИМОВА, ата-ана, Көкшетау қаласының тұрғыны:
– Базарға барсаң да, сауда үй­лерін ара­ласаң да, Қытайдың ойын­шығы мен қуыр­шағы алдыңнан шыға­ды. Ал оның са­пасы белгілі. Ар­найы тексеріске апармаса да, алыстан жағымсыз иісі Қытай тауары еке­нін әйгілеп береді. Қытайдікі емес шы­ғар деп, қымбатын алсаң да, айна­лып кел­генде, оның да Қытайдікі екені анықталады.

Өткен жылдың соңында Арменияда балалар ойыншықтарына кең көлемді сараптама жүргізілген екен. Спорттық тауарлар, әшекейлер мен балалар косме­тикасы енгізілген 569 түрлі зат Қазақ­стан­нан, Ресей мен Украина, Қырғызстаннан арнайы жеткізілген. Зерттеу қорытындысы ойыншықтардың құра­мындағы мырыш қалып­ты мөлшерден 2 мг/кг-ға, қор­ға­сын 32 мг/кг, сынап 2,1 мг/кг, сүрме 4,5 мг/кг-нан көп екендігін анықталған.
Яғни бұл – Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес рұқсат етілген нормадан бірнеше есе көп деген сөз. Кейбір ойыншықтарда улы заттар тіптен 100 есеге дейін жоғары болғандықтан, Ресей Федерациясының құзырлы органдары ішкі нарықтағы әрбір екінші ойыншықты жарамсыз деп тапқан. Нақтырақ айтқанда, мамандарының қол­дану­ға қауіпсіз деп куәлік берген жұмсақ ойын­шығының өзінен 9662 мг/кг қорға­сын­ның бар екені анықталыпты. Сондай-ақ мы­рыш пен сынаптың көп мөлшері де бар бо­лып шықты. Статистика агенттігінің мәлі­­ме­тінше, елімізде 14 жасқа дейінгі
2 мил­­лион­ға жуық қыз бала бар екен. Әр­қай­­сына бір қуыршақтан сатып алса, Қы­тай бюджетіне қыруар қаражат құйылаты­ны сөзсіз. Ал өз елімізде қуыршақ зауытын ашу әлі қолдан келер емес.
Келмеске кетті деген кеңестік кезеңде Тал­­дықорған және Алматы қалаларында сапа­сы жоғары ойыншық шығарылды де­ген­ге қазір ешкім сенбейді. Олар Қытай­дың арзан ойыншықтарымен бәсекеге шы­­дай алмай ақыры банкрот болып тын­ды.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Метроло­гия және техникалық бақылау комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы талапқа сәйкес келмеген ойын­шықтардың 500 партиясы қолда­ныс­тан алынып тасталыпты. Бұл – 30 миллион тең­генің тауары. Ал жылдың бірінші тоқса­нын­да 101 миллион теңгенің ойыншы­ғын сатуға тыйым салынған. Өткен жыл­дың 11 айында 34 айыппұл төленіп, 14 істің сотқа берілгені анықталды. Арменияда өткен ойыншықтар сараптамасынан кейін сол шараны ұйымдас­тырушы Greenwo­men эколо­гиялық сараптама агенттігінің  са­рап­­шысы Наталья Рысакова құрамында улы заттары бар ойын­шықтарды анықтау үшін дүкенге не базарға барғанда Ресейден арнайы шығарылған сапа тексеретін құ­рыл­ғыларды сатып алуға кеңес берді. Бірақ ол құрылғыларды сатып алуға әркім­нің мүмкіндігі бола бермейді. Бұл да – ойландырарлық жайт.
Бүгінде Қытайда 6000-нан астам ірілі-ұсақты ойыншық шығаратын кәсіпорын тіркеліпті. Ондағы мамандар нарық тен­ден­­ция­сын жіті қада­ғалап отырады. Мә­се­лен, посткеңестік кеңістік пен Еуропа ел­деріндегі балалардың қызығушылығын зерт­тей келе, дәл сол уақыттарда жиі көрі­ніп жатқан «супермультфильм» атанған кейіп­керді қуыршаққа айналдыра салады. Қазір­гі таңда балалардың бәрі көретін «Спанч­Боб», «Маша мен Аю» және «Өрмекші адам» тағы да басқа кейіпкерлер қазір нарықта еркін саудалануда. Сөйтіп, Қытайдың тек ойыншықтан ғана түсіретін табысы 15 миллиард долларды құрайды екен. Қытай ойыншықтары мен қуыршақ­та­ры­ның Еуропа елдеріне баратыны бір басқа да, ТМД елдеріне жөнелтілетіні мүлдем басқа. Яғни Еуропаға экспортқа шығарылатын қуыршақтың СЕ маркасы немесе Confiance texstile, Oko-test деген арнайы белгілерімен жетеді. Ал біздің ел­дерге қолда бары немесе дайын тұрған­дары ғана жіберілетіні анықталып отыр.

Оймақтай ой
Бұл дегеніңіз – еліміздің заңдарының солқылдақтығын айғақтап береді. Сондықтан Қытайдан келетін ойын­­шықтарды, тіпті барлық тауарларды түгел­дей сапасына қарап қана кіргізуге рұқ­сат беретін заң қажет болар?!. Тек сонда ғана балаларымыздың денсаулығына кері әсер ететін ойыншықтан арылатын бо­ла­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста