Нұрлан Еспановтың ұлы қайырымдылық жасап, қатерлі дертпен ауыратын балаларға көмектесуді қолға алды

Нұрлан Еспановтың ұлы үлкен істі қолға алып, қайырымдылық жасап жүр. Ол онкологиялық аурумен ауырған балаларға көмектесетін жобаны қолға алды.

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.
Нұрлан Еспановты ұлы үлкен істің бастамашысы болды. Олжас онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмектеспек. Ол досымен бірге "Менің арманым" атта корпоративтік қорын ашып, қайырымдылықпен айналысуда. 

"Бұл досымның идеясы еді. Екі жыл бұрын "Армандар орындалады" деген жоба еді. Бірақ іске аспады. Екі жылдан соң қайта қолға алдық. Ол кезде кез келген адамның арманын орындайтын жоба болды. Қазір іріктеп, ауру халдегі балаларға көмектесетін жоба етіп өзгерттік. Елімізде онколоиялық аурумен ауыратын балалар саны 10 мыңнан асқан. Солардың барлығының арманы орындағымыз келеді", - деді Олжас Нұрланұлы. 

Оқуын аяқтап, жұмысына білек сыбана кіріскен Олжас Еспанов үйленуге асықпайтынын айтады. Алайда ер жеткен азаматтың ата-анасы келін әкелуге қолқалап жүр екен. 

"Әке-шешем күнде айтады. Шымкенттің қызын әкел деп айтады. Бұйырғаны болар. Биыл карантин болып жатыр. Келесі жылы үйленсем деп жоспарлап отырмын", - деді ол.

Олжас Еспанов ауру балалардың ғана емес, өз әкесінің де арманын орындағысы келеді. 

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан әкесі туралы фильм түсіріп, көпшілікке ұсынған еді. Ал Олжас Еспанов әкесі жайлы деректі фильм түсіруді қаламайды. Оның жеке концертін өткізуді жоспарлап жүр. 

"Әкем жеке концерт беруді армандап жүр. Мен де сол арманын орындауға көмектессем деймін. Асылжан секілді деректі фильм түсіруге де болады. Алдымен концерт өткізгеніміз дұрыс шығар", - деді Олжас. 

Кіші Еспанов Асылжанмен достық қатынаста екенін айтып қалды. Бірлесіп жұмыс істеп, шығармашылық байланысты болғанын жасырмайды. Одан бөлек Сәкен Майғазиевтің ұлымен достық қатынаста екен. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста