Нұрғиса Тілендиев мені «Сексеуіл» деп атайтын

Нұрғиса Тілендиев мені «Сексеуіл» деп атайтын

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұрсынхан Қарақожаева:

– Шығармашылық ғұмырыңызда екі бірдей көрнекті өнер иелері Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев пен Досымжан Күзенұлы Тезекбаевтың тағылымын қатар алған екенсіз.  Жалпы өнер жолына келуіңізге не себеп болды?
– Мен бала күнімнен өнерге құмар болдым. Ән тыңдағанды, би билегенді қатты ұнататынмын. Сол қызығушылық мені өнер жолына бастады десем қателеспеймін.
Алматыдағы К.Байсейітова атындағы республикалық музыкалық мектепке мені әкем Төкен Әбішұлы Қарақожаев жетектеп келді. Іріктеу сынынан өтіп, оқуға қабылдандым. Үш айдан кейін ата-анам шыдамай мені алып кетуге келгені бар. Оқудың маңызын білмегендіктен емес, байғұс ата-ананың ет жүрегі елжіреп сағынғаны ғой. Дегенмен әке-шешемнің үмітін ақтап, мектепті жақсы аяқтадым.
Менің бағыма қарай К.Байсейітов атындағы РММ директоры Досымжан Күзенұлы мені қобыз сыныбына алды. Он бірінші сыныпта оқып жүріп сол жылы алғаш рет ұйымдастырылған Құрманғазы атындағы конкурсқа қатыстым. Осы конкурс менің өміріме үлкен серпіліс берді. Байқауда лауреаттық марапатты ұсынып тұрып Нұрғиса Тілендиев мені «Отырар сазы» оркестріне шақырған еді. Сол күннің ертеңінен бастап-ақ мен оқи жүріп, оркестрде жұмыс жасадым. 
Шығармашылық ғұмырымда екі бірдей көрнекті өнер иелері Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев пен Досымжан Күзенұлы Тезекбаевтың тағылымын алғаныма мың мәрте разымын.
- Нұрғиса Тілендиевпен бірге қызмет істеген он алты жыл Сізге не берді?
- Нұраға - қазақ өнерінде аңыз адамға айналған ұлы тұлға. Ол кісімен бірге еңбек еткеніме, аз ғана емес, аттай он алты жыл Нұрағаның жетекшілігімен жұмыс істегенім үшін тағдырыма ризамын. Сол 16 жылда оның адамгершілік тұнған болмысын танып, болмашы нәрсеге жараланып қалатын нәзік жүректі өнер иесі екенін түсіндім. Нұрағаның әкелік мейірімі мені үнемі қанаттандыратын. Ал оның кәсіби тұрғыдағы биік талапшылдығы маған көп нәрсе үйретті, ширатты. Ол кісінің үнемі айтатын «Алдымен адам бол, сондай кейін музыкант бол!» деген нақыл менің басты ұстанымым болды.
Тілендиевтің жетекшілігімен өткен он алты жылда ол кісінің өмірі мен шығармашылығына қатысты тұтас бір деректі фильмдер сериясын жасап шығуға болар еді. Бірақ ол кездер бейнетаспада емес, менің жадымның таспасында ғана жазылып қалғанына іштей қамығамын. Бірақ санамдағы естеліктерді қағазға түсіру алдағы жоспарымда бар.
- Нұрғиса Тілендиевтің Сізге Қара қыз, Сексеуіл деген аттар қойған екен. Неге олай атады екен?
- Иә, расында Нұрғиса Тілендиев мені «Сексеуіл» деп атайтын. Қара қыз деген есім өзі де түсінікті шығар. Ал Сексеуіл туралы айтсам, бұл сөздің мағынасын түсінбегендіктен маған алғашында ерсі естілетіндей еді. Сосын бір күні Нұрағадан неге мені бұлай атайтынын сұрадым. «Сексеуіл деген – кішкене ғана ағаш, суға батпайды, лап етіп жанып та кетпейді, ұзақ уақыт шоқ болып маздап жатады. Мен де сенің талантыңның өлмеуін, өшпеуін тілеймін. Сондықтан мен саған «Сексеуіл» деген ат қойдым» - деп жауап берген еді. Осыдан кейін Нұрағаның мені осылай атайтыны маған ұнайтын болды. 
- «Сазген» ансамблін қайта құру идеясы қалай туындады?
- Бұл бір сәтті ұсыныс болды. 2002 жылы Талдықорған қаласында Н.Тілендиевті еске алу кеші өткізілетін болып, сол кешке Дариға Тілендиева шақырып, М.Төлебаев атындағы оркестрмен бірге «Абай табиғаты» шығармасын орындап берсең деген тілегін білдірді. Мен, әрине, қуана құп алдым. Талдықорғанға келген соң облыс басшылығы тарапынан «Сазген» ансамблін қайта құру туралы ұсыныс білдіріліп, қаладан жайлы пәтер де  берілді. Бәрін екшеп, ойлана келе, Талдықорғанға келіп, түбегейлі тұрақтауды жөн көрдім.
Келген соң «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жаңа құрамын жасақтап, мықты деген музыканттарды жинадым. «Сазген» 2008 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты атанды. Қазақ өнері көшінде ансамбль бүгінгі күнге дейін талмай еңбек етіп келеді.  
Ал 2009 жылдан бері Талдықорғандағы өнер мектебіне жетекшілік етемін. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, талантты, дарынды балалар өте көп, солардың жұлдызын жағып, талант көзін аша алсақ, біздің басты мақсатымыз сол. 
- Алдағы жоспарларыңыз қандай?
- Өнер мектебінен түлеген шәкірттеріміз қазақ өнерінің абыройын көтеріп, мәртебесін арттырса деймін.
Сонымен қатар шығармашылығымның отыз жылдығына байланысты концертімді өткізу жоспарымда бар.
- Әйел үшін отбасының бақытынан артық нәрсе жоқ дейді. Сіз үшін де солай шығар?
- Әрине, әйел-ананың басты тілегі - отбасының амандығы, ұрпағының ұлағатты болып өсуі. Ол жағынан мен өзімді бақытты әйелмін деп есептеймін.
Шүкір, Жомарт есімді ұл тәрбиелеп өсірдім. Ол менің үмітімді ақтап, сенімімнен шығып келеді. Мені түсінген, қолдаған балама ризамын.  Қазір ұлым өз алдына отау құрған. Келінім Гаухар да қызымдай болып кетті. Ал кішкентай Медина деген ханшайымымыздың қылығы балдан тәтті. Мен үшін солардың қуанышынан, солардың бақытынан артық бақыт жоқ. 
- Әңгімеңізге рахмет! Мерекеңіз құтты болсын!

Сұхбатты жүргізген Сағыныш Намазшамова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста