Нұрай «Әнім менің –сырласым» ән кешіне шақырады

Нұрай «Әнім менің –сырласым» ән кешіне шақырады

Дәстүрлі әнді, сырлы әуенді, сыр­шыл сезімді аңсасаңыз, халық ән­дерінің кәусарына қанып, Абай­дың, Біржан мен Ақанның әндерімен су­сындағыңыз келсе, Астанадағы «На­зарбаев орталығын» бетке ал, ағайын! Мамырдың 30-ы кү­ні осы орталықта белгілі әнші  Нұ­рай Танабаевтың «Әнім менің – сыр­ла­сым»  атты шығармашылық ән кеші өте­ді.

Ата­дан балаға жетіп, қаншама ұрпақтың құ­л­ақ құрышын қандырған дәстүрлі ән-жы­рымыз бабалар тарихын, мұңы мен ар­манын арқала­ған ақпаратқа толы екені сөз­сіз. Бі­рақ өкі­нішке қарай, бүгінгі ұрпақтың бойына біз осынау  асыл нәрімізді толық сіңіре алып жат­қан жоқ­пыз. Өйткені халық ән­де­рі секілді баға жетпес байлығы­мыз­дың насихаты  аз. Сол се­бепті де біз осы кеш­тің алдында әншіге ар­найы жолы­ғып, халық ән­дерінің орын­дау­шысын тағы бір та­­ныс­ты­ра кеткенді жөн көрдік. Ән айтуда өзін­дік орындаушылық мақамымен ерек­­ше­ле­нетін Нұ­рай Танабаевқа бұл өнер кін­дік қа­ны тамған өңір­ден жұғысты болған се­кіл­ді.   Өйткені ол Кү­ләш, Манарбек, Ма­ғауия Хам­­зин секілді да­рындар туған өңір­де, Қа­ра­ғанды облысының Ақ­тоғай ау­да­нында дүниеге кел­ген болса, екін­ші жағынан  Әсет Най­ман­баев­тай  дүлдүл ән­шінің  тікелей ұрпағы  ретінде де  бо­йын­­да  асыл­­дың  сынығы  бар екені анық. Сон­дықтан да болар, алдыңғы толқын аға­лардың өнегелі мұ­­расымен сусындаған Нұ­рай да өнердің өріне қа­нат қағады.  Қо­ңырат ауылынан түлеп ұшқан ол Ал­ма­тыдағы эстрада-цирк өнер студиясына Жә­нібек Кәрменовтің класына түсіп, ке­йін­нен Қайрат Байбосыновтай ағасының тә­лімін алған екен. 
«Өнердегі  алғашқы еңбек жолымды жол­да­мамен 1989 жылы Жезқазғанға, фи­лар­мо­ния­ға барып бастадым. Осында театр­дың ре­жис­сері Жанат Қажиев деген аға­мыз мені тың­­дап көріп, театрға «Қыз Жі­бек» спекта­клін­дегі Шегенің  рөліне ша­қырды. Сөйтіп, Шеге рө­лі арқылы ал­ғаш рет театрмен қауышып, ак­терлік өнер­ге ауысып кеттім», – деген Нұрай Ер­­лісұлы Астанаға да Целиноград болып тұр­ға­нында, 1991 жылы Қалибек Қуа­ныш­баев атындағы Қазақ музыкалық дра­ма театры ашылғанда Жақып Ома­ров­тың шақы­руы­мен келіпті.  Осы театрда жү­ріп талай ке­йіп­кер­дің рөлін ойнағаны өз алдына, Оразбек Бо­ды­қов­тың «Ай­нал­дым, ақмаң­дайлым» пьесасы бо­йын­ша Қа­зақстанда бірінші болып Шәмші Қал­дая­­қовтың рөлін сомдаған да – өзі. Осы­лай­ша, Қал­леки шаңырағына біраз жыл қыз­мет еткен Нұ­рай Танабаев өзі айт­пақ­шы, «ат айналып қа­зығын табады» деп, 2009 жылы әншілік өнерге қай­­та оралып, Астана мемлекеттік филар­мо­ния­­сына ауы­сады.  Бірақ бұған қарап, 2009 жыл­­ға де­йін әншіліктен қол үзіп қалыпты деуге та­ғы негіз жоқ.  1992 жылы театрда істей жү­ріп, Ақ­молада өткен Әміре Қашаубаев кон­курсы­ның лауреаты атанғаны  да сол сө­зіміздің ай­ға­ғы. 
Нұрай Танабаев, әнші, Астана мемлекеттік филармониясының Халық әні бөлімінің солисі:
– Бұл менің жеке шығармашылық ән кешім. «Сарыарқа» ұлт-аспаптар ан­сам­блі­нің сүйемелдеуімен осы кеш­те халық әндері мен халық ком­по­зи­тор­­ларының әндерін, Абай­дың, Бір­жан­­ның, Ақан серінің әндерін орын­­дамақпын. Оның ішінде Нұрғиса Ті­лендиевтің де әні бар. Сол секілді Жақ­­сы­кел­ді Сейілов ағамыздың ке­йін­гі кездері көп орындала бермейтін, сө­­зін Қайырбек Сә­дуа­қасов деген аға­мыз жазған «Сүйінші» де­ген әнін де бар нәрімен  халыққа жет­кіз­бекпін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста