"Нимоджи Қазақстан" қосымшасы iOS және Андроидта қол жетімді

"Нимоджи Қазақстан" қосымшасы iOS және Андроидта қол жетімді

«НИМОДЖИ ҚАЗАҚСТАН» қосымшасы енді қазақи ұлттық бейнелер (эмоджи) алмасу үшін негізгі мессенджерлер iOS және Андроидта қол жетімді.
Бүгіннен бастап НИМОДЖИ ҚАЗАҚСТАН қосымшасы қазақи ұлттық стикерлер алмасу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде, барлық смартфон қолданушыларына Apple App Store жəне Google Play Market қосымшалараның онлайн-дүкендерінде барлық байланыс түрлерінде қолжетімді.
2016 жылдың 19-қыркүйегінен бастап Айбала атты эксклюзивті қазақи ұлттық эмодж-стикерлер iPhone қолданушыларына жаңартылған iMessage iOS қосымшаларында қолжетімді болды. Сол кезде Nimoji Software Limited жақын арада барлық ұялы телефондарда iOS пен Андроид үшін тегін қосымша пайда болатынын айтқан, барлық қолданушыларға ұлттық эмоджилармен байланыс түрлерінде алмасуға болатынын айтқан. Міне, сол күн де туды!
Бүгінгі күннен бастап Apple AppStore немесе Google PlayMarket-те НИМОДЖИ ҚАЗАҚСТАН қосымшасын жүктеу арқылы қолданушылар қазақи ұлттық эмоджи-стикерлерін WhatsApp, Facebook Messenger, Viber, iMessage, Telegram және т.б мессенджерлерінде қолдана алады. Ұлттық эМОДЖИ = НИМОДЖИ мына адресте: www.nimoji.com

 

Ұлттық Эмодждар-Нимоджи идеясы Қазақстанда туындаған. Сол себепті де Қазақстан бұл жобаның бастапқы алаңына айналып, қосымша кейіпкерлері қазақ тарихы мен салт-дəстүрлеріне негізделіп дайындалды. Қосымшадағы жігіттің аты-Айбала, енді оның Ақсауле деген құрбысы бар. Екеуі де көңілді, əзілқой, күш-қуат пен оптимизмге толы. Олардың бойында адамға тəн қылықтардың бəрі бар, кейіпкерлер образының ерекше болуы да сондықтан.
Эмоджи-стикер арқылы НИМОДЖИ ҚАЗАҚСТАН қосымшасын қолданушы түрлі эмоцияларды сұхбаттасып отырған адамға жеңіл жеткізе алады. Әзірге жалпы 120 көңіл-күй және жеке өмірлік жағдайлар қолжетімді. Маңызды деген жағдайларға қатысты стикерлер саны тағы да артады.
Қосымшаны өзіне жүктеп алған адам негізгі базалық образдар Айбала мен Ақсәуленің эмоцияларын қолдана алады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптарға байланыстыақылы кітапханалар да бар.
Қосымшаны қолдану өте жеңіл. Бейнені мəтінге немесе диалог хатына қою үшін қолданушыға мессенджерден шығудың қажеті жоқ. Тек виртуалды клавиатураны және қажет эмоджи-стикерді таңдап қойса болғаны және мессенджерде бейне қойылады. Стандартты эмоджилар ешқандай өзгеріссіз бұрынғыдай қолданушыға қолжетімді. Әрбір хат алушы эмодж-стикерлерді ала алады, тіпті ол қолданушыда НИМОДЖИ-ҚАЗАҚСТАН қосымшасы орнатылмаған болса да.
Жаһандану заманында біз әрбір елдің, мемлекеттің, ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейміз. Сол себепті біз қарапайым ғана текстік сөйлеуде мәдениет пен ұлттық нақыштың қолданылуын ескердік. Бұл біздің мисиямыз деп білеміз.

Компания туралы қысқаша мәлімет:
Nimoji Software Limited НИМОДЖИ жобасын іске асыратын бір пікірлес, ниеттес мамандардан құралған. Көпұлтты командада Қазақстан, Ресей, Украина, Латвия және АҚШ мамандары жұмыла іске кірісті. Қазіргі таңда компанияның міндеті- НИМОДЖИ жобасын іске асыру, қосымшаның мүмкіндігін кеңейту, пайдалы ету, сонымен қатар, маркетингтік белсенділікті арттыру, технологиялық серіктестікті жақсарту.

Команданың жоспарында- НИМОДЖИ жобасын Ресей, Украина, Латвия, Грузия, Израиль, Қытайда дамыту.

Компания, сонымен қатар, НИМОДЖИ қосымшасында тәуелсіз суретшілерге де өз эмоджиларын енгізу мүмкіндігін ұсынып отыр.
Баспасөз өкілдері туындаған сұрақтары бойынша мына мекен жайға хабарласа алады: burtilos@gmail.com
App Store қосымшасына сілтеме:
https://itunes.apple.com/ru/app/nimodzi-kazahstan/id1154429816?l=en&mt=8
Google Play Market қосымшасына сілтеме:
https://play.google.com/store/apps/details?id=org.nimoji.customime
Қосымшаны жасаған команда әрбір тілек-ескертуге ерекше назар аударады.
Nimoji қосымшасы бойынша сұрақтар.
http://nimoji.com/feedback.html
«Нимоджи Қазақстан» программалық қосымшасы ондағы қолданылатын қосымшалар (бейнелер, персонаждар) Nimoji Software Limited компаниясына тиесілі. «Нимоджи Қазақстан» қандай да бір элемент немесе образдар (бейнелер, персонаждар) Nimoji Software Limited компаниясының рұқсатынсыз қолданылмайды. Тек жеке мақсаттарда, хат алмасуларда,компаниямен келіскен түрде іске асады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста