"Не бетіңмен келесің деді": Жұлдызай Дүйсенбиева "Шаншарға" қайта оралуына не кедергі болғанын ашып айтты

"Шаншар" және "Алдараспан" театрларының бұрынғы актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен арадағы түсініспеушіліктерге тоқталып, театрға қайта оралуына қандай кедергі болғанын айтты. Бұл туралы ол "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен Уәкеңнің алдына талай рет бардым. "Шаншардан" кеткен соң бірінші рет бардым. Содан соң Уәкең: "Жарайды, Жұлдызай, қайтшы театрға", - деді. Осылайша, театрға қайта ораламын деп отырғанда, "Шаншардағы" актерлердің бірі: "Сен не бетіңмен келмекшісің, біздің әп-әдемі ұйып отырған театрымызға?", - деп қоқан-лоққы көрсетті. Осыдан кейін "қайта шапқан жау жаман, қайта келген қыз жаман", - демекші, барудан бас тарттым. Кейін Уәкеңмен жақсы сөйлесіп кеттік. Тіпті, бір қойылымында менің группалас қызым болмай қалып, соның рөлін де ойнап бергем. Жақында Уәкеңнің 60 жылдығы өтті. Сол мерейтой қарсаңында Уәкеңе хабарласып: "Сіздерді құттықтап барып қайтайын. Шамам келгенде шапан шаттығымды, бір-бір атымды алып барайын", - дедім. Ол: "Ойбай, қыз, кел! Алматыда осы күні боламын, ақылдасайық", - деді. Айтқан күні хабарластым, телефон алмай қойды. Мен театрдан қашып кеткен жоқпын. "Балам ғой, Нұржанды (Нұржан Төлендиев - ред.) кешірдім дейі. Осыдан ұлды ұлықтап, қызды шетке ысырып тастайтыны көрініп қалды. Мен барғым келеді, мені келтірмейді. Мен баратын кезде, біреу тосқауыл қояды", - деді Жұлдызай. Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовпен арадағы реніш 14 жылға созылғанын айтып, халық алдында кешірім сұраған болатын. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста