Өткен сенбіде, яғни 11 қазан күні қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы қаламгердің туған жері Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылында аталып өтті. Үш жүзге сауын айтқан дүбірлі тойдан «Алаш айнасы» басылымы арнайы фото-репортаж жасап, оқырмандардың назарына ұсынуды жөн санады. Суреттерді түсірген Нұрғиса Елеубеков...
Қонақтарды Нарынқолға жеткізу үшін 10 қазан күні Алматы мен Талдықорған қалаларынан арнайы автобустар жолға шықты... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Той дегенде қу бас домалайды». Қазақтың сөз зергерлері ой үстінде... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Шарын шатқалы. Игі жақсыларды аудан «әктіптері» күтіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Жазушылар қымыз ішіп, ет жеп әлденіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Тойға қаламгерлер ғана емес, бәйге аттары да асығып келеді. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Кеген асуы. Кеше ғана көк мұз боп жатқан жол жібіп, күн жыли бастады. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Райымбек ауданына кіргелі әр ауылдан бізді Бердібек ағамыз «күтіп» алып отырды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Біз шекара бойындағы Сүмбе ауылына қонуға кеттік. Ал жазушылар, әншілер, жалпы зиялы қауым өкілдері Нарынқолдағы арнайы дайындалған үйлерге бөлінді. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Таңғы сағат жеті... Сүмбе... Әйгілі Хан-Тәңірінің басын бұлт шалмапты. Бұл бүгінгі күннің жылы болатынының белгісі іспетті. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қойдың «тойда» шаруасы жоқ... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Тас түскен жеріне ауыр». Бердібек Соқпақбаевтің 90 жылдығын өткізу үшін қаншама уақыт дайындалды екен. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Той Бердібек Соқпақбаев орта мектебіндегі жазушының мұражайын тамашалаудан басталды. ©Айтжан Мырзанов фото
Классиктің бюсті ©Айтжан Мырзанов фото
– Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналмасын. Есікті мықтап жауып кетейін, – деп күледі нарынқолдық жігіт. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Нарынқолдағы Мәдениет үйі. Бердібектің шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция осында өтпек... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Конференция қонақтарына жазушының екі томдық кітабы сыйға тартылды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Халқы сүйген қаламгер» атты ғылыми-практикалық конференция... Осы конференцияның жарыссөзінде халық атынан ақын Айтақын Әбдіхалық сөз сөйлеп, Қызылшекара ауылының атын Бердібекке беруді сұрады. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин бұл өтінішті тиісті органдарға жеткізуді өз мойнына алды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Мәдениет үйінің ішінде «Бердібектің есімін Қызылшекараға немесе Нарынқолға берелік» деп мәселе көтеріп жатқан кезде, сыртта қаламгердің үш томдығы қызу саудаланып, сатылып жатты. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қазақтың белгілі суретшілері де қарап қалмапты. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Ата конференцияда не айтылыпты, естідіңіз бе?
– Шекара бойындағы Нарынқол ауданы қайта құрылсын депті ғой. Әй бірақ қайдам, балам... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Алматының алмасы тәтті екен, әке! ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Дастарханды да жайнатып қойыпты. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Бүгінгі Қожалар күресіп жатыр. Ешкімнің Жантас болғысы келмейді. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Алақай, ет пісті... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Мен білсем, ана шалдар сол баяғы тоқал туралы айтып жатқан шығар (әжелер әрине бұлай деген жоқ)... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Аға, басың жерге тигенше, мойыма... Тоқал қажет пе, әперем!. (аталар әрине бұлай деген жоқ)..... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Аттыларды атты полицейлер жөнге салады... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Мә, қанша киіз үй тігілген, өзі? ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Менің атым Қожада» бір атқа екі ер салушы еді. Үш ер болса ғой, шіркін... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Гала-концерт болып жатыр дейді... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Қайдағы гала-концерт, дала-концерт қой... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Соқпақбаевтің соқпағына түскен ағаларымыз... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Бәйге болады дейді. Баламен артынып, тартынып жеткенімізше, басталып кетпесін... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қызды қуды. Бетінен сүйді. Жігіттің сұлтаны-ақ екен.. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Аударыспақ ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Аударыспақ көкпарға айналып кетті ме? Мына жігіттің күштілігі сондай қарсыласын жалғыз қолмен көтеріп алып, аттан аудара салды. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Бәйгеге тігілген темір тұлпарлар... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Бәйге... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Тойдың соңынан бір естелік болсын» деп ағаларымыз суретке түсті. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қолына қалам ұстаған жас қаламгерлер Нарынқолды, дүбірлі тойды қимай қайтып бара жатыр. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Қас қараймай ауылға жетіп алалық... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Суреттерді рұқсатсыз көшіріп басуға тиым салынады.
«Алаш айнасының» түйіні
Бердібек Соқпақбаевтің 90 жылдық мерейтойы Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өткенін естеріңізге саламыз. Бұл орайда қаламгердің жерлестерінің еңбегі де ұшан-теңіз... Лайым осындай тойлар көп болғай!