Атышулы кәсіпкер бұл пікірін әлі де өзгертпеген. Ол таяуда әртістердің "шегіртке" екенін Нұржан Төлендиев те мойындағанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Осыдан екі жыл бұрын отандық ток-шоулардың бірінде кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қазақ эстрадасындағы әншілердің басым бөлігін "шегіртке" деп атаған еді.
"Алдараспан" әзіл-оспақ театрының актері мен Ахметбек Нұрсила сауық-кештердің бірінде жолыққан. Дәл сол кездесуде атышулы кәсіпкер әншілерді "шегірткеге" теңегенін тағы да бетіне ашық айтқан. Роликте Төлендиев те бұл пікірмен келіскендей сыңай танытқан.
Әрине, аман болыңыз, — деп жауап берді Нұржан Төлендиев.
Өнерпаздарды зиянкес жәндікке ұқсатқан Ахметбек Нұрсила аталған видоеға төмендегідей жазба қалдырыпты.
Нұржан Төлендиев менің "шегірткелер" дегенімді қолдайтынын айтты, — деп жазды Ахметбек Нұрсила.
Ел назарын өзіне тағы бір мәрте аударған кәсіпкердің бұл бейнетаспасына желідегі жұрт та жарыса пікір жазыпты.
Саят Медеуовтің өзі де шегірткелер 90 пайыз деп айтты", "Әй, жарайсыз, Ахметбек ағай", "Шегірткелер иттен де көп болып кетті ғой. Дауысы болсын, болмасын. Рас айтады", "Мен де келісемін. Шегірткелерге шынымен айтқызсаң Қайраттың бір өлеңге де дауысы жетпейді. Нағыз шегіртке, шешесінің арқасында жүрген шегіртке", "Тука еркек, өзі шегіртке", "Жоқ, Тука шегіртке емес, ол талант", "Шегірткелерге фонограммаға заң шығару керек. Ұшып кетсін сахнадан", "Нұржан дұрыс айтады. Шегірткелер сахнаның сәні мен қадірін кетірді", — деп жазды оқырмандар.