Мылтықтан да мықты қару

Өмірдерек
Әбубәкір Смайылов
Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң республикалық «Арай-Заря» журналында, халықаралық «Азия» газетінде қызмет атқарды. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының алғашқы (1992 жыл) лауреаты. «Хабар-Әскер» деп аталатын қазақ тіліндегі тұңғыш әскери-патриоттық телебағдарламаның авторы әрі жүргізушісі болды. Ұзақ уақыт ҚР Қорғаныс министрлігінде Басқарма бастығы болып қызмет атқарды. Мінсіз әскери қызметі үшін бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Біз бүгіннен бастап талай жыл әскери салада жүрсе де, шығармашылық қаламын тастамаған Әбекеңнің қойын дәптеріндегі қызықты ойлары мен әңгімелерінен үзінділер беріп тұрмақпыз.

Тағдырдың жазуымен Қазақстан Қару­лы күштерінің қатарында оның күр­делі қалыптасу кезеңдерін бірге бастан кешірдік. Әскери журналист ретінде барлық ірі халық­аралық жаттығуларға қатысып, та­лай оқиғаларға куә болдық. Өз басым елі­міздің тұңғыш қорғаныс министрі Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің «шинелінен шыққанымды» мақтан тұтамын. Одан бері де бірнеше министрмен қызметтес болуға тура келді.
Олардың жұмысына баға беруден аулақпын және Қазақстан армиясының шежіресін жазумен тарихшы мамандар айналыса жатар. Мен тек көрген, көңілге түйген жәйттерді, уақыт елегінен өткен уақиғаларды ғана оқырман назарына ұсынуды ұйғардым.
Мылтықтан да мықты қару — Сөз. Хан бетіне айыбын қарып басқан да Ұлы мәртебелі сөз. Мысалы, Махамбеттің дұш­паны семсерінен гөрі сөзінен қатты сес­кенді. Кезінде (біреу келісер, біреу келіс­пес) былай деп жазған екенмін:
Шетсіз-шексіз Аспанға көзді тіреп,
Шалқалайтын келеді кез бір рет.
...Лайықтап пенделер санасына
Құдайды да сомдаған Сөз — құдірет!!!

Жаңалық ашудан жалықпайтын жа­пон­дар жақында тағы да таңғалдырды. Су­дың қасиетін зерттеу барысында олар сөз­дің біз білмейтін ғаламат құдіретін ашып­ты. Екі құтыға бірдей етіп су құйып мы­надай тәжірибе жасайды: біріне үнемі жақсы, жылы сөздер айтылса, екіншісі керісінше, сонша уақыт балағат сөздер «естиді». Сосын мұздатқышқа салып, қатырып су кристалдарын микроскоппен қарағанда ғалымдардың өздері қайран қалыпты! Жылы сөз естіген судың фор­масы әдемілігімен көз жауын алса, екінші құтыдағы судың кристалдары сұмдық сұрық­сыз болып шыққан! Қазақ­тың «Таяқ — еттен, сөз — сүйектен өтеді» дейтіні де сондықтан шығар...
Қиялыңды оқитын ойыңдағы,
Кілең ақ бас ғалымдар мойындады:
Туған жердің суымен бірдей екен,
Су құрамы адамның бойындағы!
Туған жердің киесі-ай, алабөтен.
Жанға жайлы тапсаң да жаңа мекен –
Балқан таудан ассаң да өмір бойы,
Ол бойыңда өзгермей қалады екен!
Биік болса, деп едім тауым шығар,
Менің Меккем мен
туған ауыл шығар.
Бұлтартпайтын ақиқат – сезімтал Су,
Адамның да күнәсін ауырсынар.
«Шыбын жаным»...
Күлкілі шыбын деген,
Буға айналып кетермін түбінде мен.
Су бетінде суретім діріл қақты,
Күпіршілік айттым ба, күбірлеп ем...

ҚЫРСЫҚ КУРС
Біздің курстың жолы болмады. Бірінші курсты бітірмей жатып студенттерді жаппай әскерге алу жөнінде жасырын жарлық шықты. Бұрын-соңды болмаған жағдай. Оның үстіне Ауғанстандағы соғыстың қызып тұрған уақыты еді. Мұғалімдер мүсіркеушілік танытып, «тақыр бастарға» емтихан-сынақтарын «автомат» қойып беріп жатты.
«Автоқалам ауысып автоматпен, Қош айтыстық жәудір көз, ақтамақпен» деп жырлағандар да болды. (Серік Абас-Шах сияқты қиялилар Ауғанстанға сұранып қиғылық салған. Қайта көретін жарығы бар екен, қазір ол ештеңеге «Таң қалмай…», ештеңеден «Кеш қалмай…» аман-есен «Хабарда» жүріп жатыр).
Қойшы әйтеуір, 1983 жылдың көктем-күзінде біздерді түгел сыпырып-сиырып әскерге алып кетті. Біздер деп отырғаным бүгінде есімдері елге белгілі болған Досымов Табылды, Жанболатов Серік, Қожанов Болатбек, Қосанов Әміржан, Садықов Махат, Сағымбаев Нұрлан, Төлетаев Болатбек және т.б. азаматтар.
Екі жылдан соң бәріміз Алматыда қайта шұрқырай табыстық. Бізден кейін әскерге студенттерді алмайтын болды. Бізден кейін әскери борышын өтегендер әскери дайындықтан мүлде босатылды. Талай жігіттердің түбіне «Тактика» пәні жетіп, оқудан шығып қалған-ды...
Біздің курстың жолы болмады деуім сондықтан. Алда бізді тағы бір сын – Желтоқсан оқиғасы күтіп тұрды. Бірақ ол  — басқа әңгіменің тақырыбы.
(Жалғасы бар.)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста