«МузАрт» тобының продюссері Ерлан Жүнісбай әншілердің жаңа 2017 жылды қалай қарсы алғалы отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа жылда жігіттер отбасымен болмақ. Бұл, жалпы, біздің принципті ұстанымымыз. Жұмыс істемейміз», - деп кесіп айтқан Ерлан Жүнісбай топтың Жаңа жылдан кейінгі жоспарымен де бөлісті. «Жаңа жылдан кейін біз топтың құрылғанына 15 жыл толуына байланысты 2 айға демалыс жариялап отырмыз. Наурызға дейін. Бұл уақытта «МузАрт-Лайф» мега-жобасының жеңімпаздарымен жұмыс жасап, жаңа әндер жазамыз», - деді ол. Сөз соңында Ерлан Жүнісбай «ҚазАқпарат» оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтап, сәттілік тіледі.