Қарасаздың қара шалғынында өтетін Мұқағали тойына санаулы күндер қалды. Ал 80 жылдық мерейтой алдындағы шаралар түрлі сипатта жалғасын тауып жатыр. Кеше Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының галереясында ақиық ақынның құрметіне орай «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты көркемсурет көрмесі ашылды.
«ҒаламАРТ» шығармашыл жастар клубы, Қазақстан Суретшілер одағы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен өткен бұл көрмеге Мұқағали тақырыбында көп еңбек еткен Жұмақын Қайрамбаев, Құрманғазы Ақашев, Ерлан Әсембай сынды елге танымал қылқалам шеберлерінің туындыларымен қатар, осы салада оқып жүрген жоғары оқу орындары студенттерінің де еңбектері қойылды.
Жалпы, поэзия мен бейнелеу өнері – тығыз байланысты руханият салалары. Бұл көрме соның нағыз дәлеліндей болды. Мұқағали жырлары осы күнге дейін қаншама бейнелеу, кескіндеме, мүсіндік өнерге жан бітіргені анық. Осы көрме де бүгінгі буынның сурет, саз, мүсін туындыларымен қатар, руникалық және төте жазу үлгісінде сөйледі.
Мұқағали – мүсін мен сурет тілінде
Последние статьи автора