Мұнайлы мекен орыс тілі мұғалімдеріне зәру

Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталып, білім ошақтарында ал­ғаш­қы қоңырау үні сыңғырлайды. Ал Аты­раудағы орыстілді және аралас мектеп­терде бастауыш сынып, орыс тілі мен әде­биеті, математика, физика, химия, биоло­гия пәндерінің мұғалімдері қажетті сұра­ныс­тан аз болып тұр. Осының кесірінен қа­зір бұл пәндерден зейнеткерлік жастағы және жақында зейнеткерлікке шығатын ұстаздар сабақ беріп жүр.
«Алдағы бес жылға болжамды талдау осы пәндерден 45 мұғалім керектігін көрсетті», – дейді Облыстық білім беру бас­қармасы бастығының орынбасары Зы­лиха Дүйсекенова, – Алайда облыста қа­зақ мектептеріндегі ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих ма­ман­дықтары бойынша жұмыссыз жүрген тү­лектер көп. Олардың көбі жергілікті Х.Дос­мұхамедов атындағы Атырау мем­лекеттік университетін бітірген. Сондықтан да біз жыл сайын облыстардағы жоғары оқу орындарынан орыс тілінде оқытатын мамандарды жұмысқа шақыруға мәжбүр болып отырмыз. Жаңа оқу жылында ауыл­дық жерлердегі мектептерге 101 педагог кадрға сұраныс анықталды. 66 маман жұ­мысқа келеді деп күтілуде».
Орта мектеп оқушыларына орыс ті­лінде сабақ беретін мұғалімдердің тап­шы­лығын қайтсек жоя аламыз? Бұл про­бле­маның бас көтеруіне не себеп, облыстағы мұ­ғалім мамандарды даярлайтын оқу орын­дарының түлектері неге қа­жет­тілігімізді өтей алмай отыр? Х.Дос­мұ­ха­медов атындағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі про­ректоры Баянсұлу Тыныбаева бұл мә­селенің туындауына аталған мамандық­тар­ға бөлінетін мемлекеттік грант санының аздығы себеп дейді.  Ал өз қаражатына оқитын студенттер мұғалімдіктен гөрі, за­манауи басқа мамандықтарды таңдай­ды, қазір де университеттегі педагогикалық ма­мандықтардың орыс топтарында көп дегенде 4-5 студент оқып жатыр екен. Ал Аты­рау гуманитарлық колледжінің ди­рек­торы Болат Рысқалиев: «Колледжде орыс топтары 2009 жылы ғана ашылды. Қазір онда 55 студент оқып жатыр, биыл тағы да 25 студент қабылданады. Орыс тілінде дәріс беретін мұғалімдердің алғашқы легі 2013 жылы ғана колледжді бітіреді, оған дейін ешқандай мүмкіндігіміз жоқ», – деп жауап берді.
Осы орайда Облыстық білім беру бас­қар­масының орынбасары Зылиха Қы­дырбайқызы:
– Болашақта педагог кадрларға деген сұранысты шешу мақсатында Об­лыстық бі­лім беру басқармасының тарапынан 9-11 сынып оқушылары үшін мамандыққа бау­лу жұмыстары жү­йелі жүргізіліп отыр. «Атырау қаласы және аудандар әкімдерінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулының негізінде жергілікті жерлерде мұғалім мамандардың қа­жет­тілігі еске­рі­ліп, оқуға түсуге грант таға­йын­да­ған­да мұғалім мамандығын таңдаған мек­теп бітірушілерге басымдық берілсе де­­ген ұсынысымыз бар, – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста