Мультфильм балаңызды мылқау етіп жүрмесін...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бала кезімізде телеарналардан жиі көрсетілетін бір мультфильм менің есімде қалыпты.  Қасына қосаяқты ертіп алып жақсылық іздейтін қозы бар еді ғой. Жақсылықты үлкен, жылтырақ, әдемі деп елестетін мультфильмнің кейіпкері іздегенін тапса екен деп іштей қобалжып отырып көретінмін. Қазір ойлап отырсам, адам баласы жақсылықты өмір бойы іздейді екен-ау. Жә, менің айтпағым бұл емес. Бүгінде мені де, мен сияқты ата-аналарды да толғандыратын мәселе, балаларымыздың «жақсылық деген не?» деген сұрағына жауап беретін мультфильмдердің аздығы.  Ата-анасы жұмыстан қолы тимей жүргенде уақытының көбін теледидардың алдында өткізетін балалардың өмірге деген көзқарасын, талғамын, санасы мен жүрегін қандай мультфильмдер қалыптастырып отыр? «Алаш айнасы» осы мәселе төңірегінде ой өрбітіп көрмек.
«Балалар және телевидение» мәселесі қазіргі таңда тек ата-аналарды ғана емес, мұғалімдерді, дәрігерлерді, жалпы қоғамды алаңдатады. Өйткені бүгінде әр бала үшін телевиидение ойыншықтың да, кітаптың да орнын басатын құралға айналды. Ішкі жан дүниесі жаңадан қалыптасып келе жатқан сәбиге ойын да, ертегі де, теледидар да өте қызық. Күнде өзі үшін жаңалық ашып, бәрін білуге ұмтылатын бала үшін теледидар тек уақыт өткізу үшін ғана емес, тәрбие құралы ретінде өте маңызды. Әсіресе,  мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тәрбие құралы мультфильмдер болып табылады. Алайда қазіргі біздің арналардан көрсетілетін мультфильмдер, ата-анасы баласына дискісін арнайы сатып әперетін мультфильмдер балаға тәрбие бермек түгіл,ауруға шалдықтырып жатқанын айтып мамандар бүгінде дабыл қағуда.
Балалар  барлық назарын экрандағы мультфильмге аударған уақытта, олар тіпті өзін қоршаған ортадан алыстап, ешқандай дыбысқа да мән бермейді екен. Ал мультфильмдерді, мультсериалдарды көріп болған соң балада агрессия, қорқыныш сезімдері оянатын көрінеді.
Қарлыға Мұсақызы, балалар дәрігері: – Үш жасқа дейінгі балаларды теледидардың алдына көп отырғызбауға кеңес беремін. Өйткені бұл балаларда негізгі қозғалыс қызметі толық дамымаған. Олардың бір затты ұстау, қозғалу, есту, көру қабілеттері бірден бір мезгілде қызмет ете алмайды. Сондықтан олар қосулы тұрған теледидардың алдында отырғанда мультфильмге беріліп кетіп, айналасындағы басқа дыбыстарға, қозғалыстарға мән бермейді. Өсе келе бұл балалардың қимылдау, сөйлеу, көру қабілеттері төмендейді, артық салмақ қосуы да мүмкін. Үш жастан кейінгі балаларға мультфильмдерді белгілі бір мезгілде және таңдап көрсету керек.
Венетта Иманқұлова, психолог: – Қазіргі мультфильмдерді біздің кішкене кезіміздегі мультфильмдермен салыстыруға келмейді. Кеңестік кезеңде мультфильмдер экраннан көрсетілмес бұрын қатаң бақылаудан өтетін, анимациялық фильмдердегі әрбір кадр балаға қалай әсер ететіні тексерілетін. Менің бұл сөзімді ешкім теріске шығара қоймас. Мысалы, орыстың Карлсон, қолтырауын Гена, Чебурашка секілді мультфильмдерін бүкіл одақтас республиканың балалары көрді, кері әсері болды деп айта аламыз ба? Алайда қазіргі ата-аналардың өзі бұрынғы мультфильмдер ескіріп қалған, қазіргі балалар заманауи мультфильмдер ғана көреді деп санайды да, балаларының не көріп жатқанына аса мән бере бермейді.
Иә, көптеген ата-аналардың заманға сай мультфильм деп жүргендері тез арзан және балаларға тигізетін кері әсері ескерілмей жасалған анимациялық өнімдер. Мұндай мультфильмдерде аты да жоқ, заты да жоқ кейіпкерлер, түініксіз сюжет, даңғаза әрекет, қисынсыз талғам несімен экрандарды жаулап алғаны түсінксіз.
Бүгінде «жөнсіз мультфильмдердің»  бала психикасына әсері бүкіл әлем мамандарын толғандыруда. Айталық, осыдан біраз уақыт бұрын Ресейде ата-аналар телеарналардың бірін «Симпсоны» және «Гриффины» атты мультфильмдерді көрсеткені үшін сотқа беріпті. Олар бұл анимациялық фильмдер бала денсаулығына кері әсерін тигізеді деп айыптаған болатын. Сондай-ақ психологтар балалар мен жасөспірімдерге теріс пиғылды әрекеттерді насихаттайтын мультфильмдер көрсететін бірқатар каналдарға наразылықтарын білдірген.  Ал Жапонияда 38 сериялы «Пакемондар» атты мультсериалды көрген соң бес жүзден астам бала қояншық (эпилепсия) ауруының белгілерімен ауруханаға түскен. Сондай-ақ «Телепузики» мультфильмінің продюсері бұрынғы прдюсері Сара Грэм аталған бағдарлама галюциногеннің әсерімен жасалғанын мойындаған болатын.
Мамандардың айтуынша, мультфильмде агрессия болса да, ол көңілді түрде көрсетілсе, аса зиян емес. Айталық, мысық пен тышқан туралы «Том мен Джерри» мультфильмі. Бүкіл  бір серия бойы мысық тышқанды қуып, екеуінің бір-біріне деген ашуы келіп, түрлі әрекеттер жасайды. Мысалы тышқан мысықты алдап түсіріп, тікенекке отырғызады, ал мысық тышқанды қақпанға түсіріп, қабырғаға қағып тастайды деген сияқты. Бірақ аяғында мейірім жеңіп, ешқайсысы өлмейді. Бұл бала үшін өте маңызды. Негізінен мысық та, тышқанда жағымсыз бөтен сөздер айтпайтын кейіакер ретінде суреттеледі.
Ал «Мадагаскар», «Көліктер», «Мұз дәуірі» мультфильмдерінде жамандықты жақсылық жеңгенімен  бала тұрмақ үлкеннің құлағына түрпідей тиетін сөздер, тіркестер жиі кездеседі. Сондай-ақ қазіргі заманда онсыз да гиперактивті балалар мұндағы кейіпкерлердің жарықтың жылдамдығындай әрекеттерін қайталауға ұмтылады.
Америкалық мультфильмдер тіпті қиялға сыймайды. Жамандықпен күресіп жүрген секілденіп көрінетін кейіпкерлердің өзі көрер көзге оғаш.
Балаларға арналған жақсы өнімдер шығаратын «Уолт Дисней» киностудиясының «Ақшақар», «Бэмби», «Сұлу мен құбыжық», «Арыстан патша» секілді сапалы мультфильмдері арналардан өте сирек көрсетіледі. Сондықтан да балаларымыз қолдан жасалған құбыжық, қан сорғыш (вампир), робот секілді кейіпкерлерді көруге мәжбүр. Барлық дерлік мультфильмдердің сюжеттерінде соғыс, атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, өлім элементтері бар. Міне біздің балаларымыз қазіргі сиқы осындай мультфильмдердің торына түскен.
Бұрынғы әжелеріміз айтып беретін ертегілерден бала даналық, ұяңдық, кішіпейілдік, әділдік секілді қасиеттерді сіңірген болса,  қазіргі балалар өздері көретін мульфильм кейіпкерлеріне еліктеп орынсыз күледі, қисық сөйлейді, өзінікі жөн болмаса да қырсығып, сөз қайтарады, бірі-бірін ұрады, шымшиды... Сонымен, қазіргі көптеген мультфильмдер балаларға оң әсерінен гөрі кері әсерін тигізеді. Сондықтан бүгінде телеарналарға анимациялық өнімдерді қатаң бақылаудан өткізіп барып жіберген дұрыс деп есептейміз. Ал ата-ана баласын теледидарға телміртпей, аз да болса көңіл бөлсе жөн болар еді. «Бала – ата-ананың айнасы» емес пе, ендеше ұрпағымызды өзімізді қоршаған ортадағы жамандықтан қорғай білейік....

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста