М.Төлебаевтың ғасырлық мерейтойына арналған көрме

М.Төлебаевтың ғасырлық мерейтойына  арналған көрме

Ертең Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда «Ғасыр әуені» атты көрме ашылады. Бұл – қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті композитор, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған көрме.


Көрмеге М.Төлебаевтың өмірі туралы кітаптар, фотоматериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен сыйлықтар, оның ішінде, Сталин сыйлығы лауреатының белгісі қойылады. Көрменің құнды жәдігерлерінің бірі – оның роялі. Мұнда сазгер шығармаларымен қатар, оның анасы – Тәжібаланың өмірден ерте озған дарынды баласын жоқтап жазған «Ана зары», «Толғау» атты қолжазбаларының түпнұсқасын да тамашалауға болады. Көрменің ашылуына көрнекті тұлғаның жұбайы Дариға Ғазизқызы Төлебаева мен композитор шығармашылығын зерттеуші ғалымдар келеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студент­тері өнер көрсетеді. Мұқан Төлебаев 1913 жылдың 13 наурызында сол кездегі Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданының Қарашаған ауылында дүниеге келген. Ол 1938-1941 жылдары Мәскеу кон­сер­ваториясы жанындағы Қазақ студиясында оқыды. Ұлы Отан соғысына қатысып, консерваторияны 1951 жылы бітіреді. М.Төлебаев спектакльдер мен кино­фильм­дерге арналған музыкалық еңбектер, кантаталар, опералар, камералық-аспаптық туындылар мен хорға арналған симфониялық шығармалар жазды. Ұлттық операмыздың ең үздік туындысы – «Біржан – Сараны» да Мұқан Төлебаев жазды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста