Мөлтек мәліметтер

Парижді бағындырды
Франция астанасы Париждегі әлемге әйгілі «Гаво» концерт залында қазақстандық өнер шеберлері шетелдік көрермендерді тәнті етті.
Бұл мәдени шара Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығы­на, сондай-ақ Франциядағы ҚР Мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды.
Еуропалық көрермен Құрманғазы атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық ха­лық аспаптар оркестрінің, Астана қаласы опе­ра және балет театры камералық оркес­т­рінің өнерін жоғары бағалады. Әлібек Ді­нішев, Айдар Абжаханов, Медет Шотабаев, Бибігүл Сауытова, Ержан Күлібаев сынды басқа да өнер майталмандары Париж сахнасына сән берді. Қазақстанның өнер шеберлерінің делегациясын ҚР мәде­ниет вице-министрі Асқар Бөрібаев бастап барды.

Балаларға арналған «Бәйтерек»


1 шілде күні Астана қаласының «Кер­уен» ойын-сауық сауда орталығында орын тепкен «Кинопарк-7» кинотеатрында Астана қаласы әкімінің қолдауымен Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығы мен Астана қала­сы­ның 13 жылдығы құрметіне балаларға ар­­налған «Бәйтерек» атты мультфильмнің тұсау­кесер көрсетілімі болады.
Белгілі режиссер-аниматор Әбдіқадыр Сабыр бастаған жоба авторлары аталған жаңа туынды қазақ балаларының сүйіп көретін мультфильм­дерінің біріне айналады деп сенім білдіріп отыр. Тұсаукесерге кішкентай көрермендермен қатар, елімізге танымал тұлғалар, жергілікті БАҚ өкілдері де қа­ты­сады. Ал атақты Еuronews телеканалы «Бәй­терек» туралы арнайы хабар жа­самақ. Тұсау­кесер қойылым бірнеше күн бойы жү­реді.

balbulaq.kz іске қосылды
Мемлекеттік тілді дамыту Президентік қоры мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компа­ния­сының қолдауымен балаларға арнал­ған қазақ тіліндегі balbulaq.kz web-сайты жұ­мыс істей бастады.

Аталған сайт 2011-2020 жылдарға ар­налған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайласты­рылған шаралардың бір парасы саналады. Жаңа портал, негізінен, 6-10 жас аралы­ғын­дағы балаларға арналған. Сайтта бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік материалдарды, халық ертегілерін, аңыздар мен мифтерді, мультфильмдерді, басқа да ақпараттық-таным­дық мате­риал­дарды молынан орналастыру жоспарланып отыр.

Елорда: кеше және бүгін
Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Төлеуғазы Байғалиевтің «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты жеке көрмесі өтуде.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрменің мақсаты – елордамыздың қалыптасуы мен дамуының тарихын суреттеп, қаланың қазіргі кездегі бейнесін сомдау. Көрменің ашылуына бейнелеу өнерінің танымал шеберлері мен бір топ халық қалаулылары қатысты. Жақында сурет­шінің еңбектері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Ха­лық­аралық конкурстың алтын медаліне лайық деп танылды. Қылқалам шеберінің суреттері, сондай-ақ Германия, Ресей, Корея, Қытай, Украина галереяларында сақтаулы тұр.

Анкаралықтар Астанада болды


Елордада 24-27 маусым аралығында Түркия астанасы – Анкараның Астанадағы мәдениет күндері болып өтті.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мәдени шара аясында Анкара мен Астана қалаларының өзара ынты­мақ­тастығын кеңейту мә­селелері талқыланды. Астана­дағы Анка­ра­ның мәдениет күн­дері салтанатты жағдайда «Қа­зақ­стан» орталық концерт залында Түркия өнер ұжым­дарының қатысуымен ашылды. Атал­ған шараға Анкара­дан 130 адамнан құралған делегация ар­найы келді. Олар – Түркия парламентінің өкілдері, әртіс­тер, музыканттар және шығармашылық ұжымдар.

Ғалымды еске алу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан­дық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қа­лып­тастыру және жетілдіру: теория мен тәжірибе мәселе­лері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция бол­ды. Осынау ауқымды ғылыми шара белгілі академик, про­фессор Ғайрат Сапарғалиевті еске алуға арналды.
Ғайрат Сапарғалиев – республикада және шетелдерде шығарылған 300-ден аса басылымның авторы. Академиктің ежелгі кезеңнен мемлекеттік басқаруға дейінгі және Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысына дейінгі ке­зеңдегі мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мә­се­лелеріне арналған 60-тан астам монографиясы мен оқу­лықтары жарық көрген.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста