«Мөлдір бұлақ» – 10 жаста

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінде еліміздің ақпарат кеңістігінде балаларға арналған басылымдар мен интернет порталдар көп емес. Болса да қазіргі нарық талаптарын игеріп, оқырман аудиториясына кеңінен танылғандары некен-саяқ. Әйтсе де аз уақыт ішінде өзінің бағыт-бағдарын айқындап, мазмұндық сипаты мен қолтаңбасын қалыптастырып үлгергендері де жоқ емес. Солардың ішінде «Мөлдір бұлақ» журналы –  бүгінгі қазақ баласының сүйікті басылымдарының бірі екендігінің куәсі болып жүрміз.
«Қазақстан-Zaman» ЖШС қанатының астында шығып келе жатқан бұл журнал­дың жарық көре бастағанына 10 жыл то­лып отыр.
Аталған басылымға кезінде Елбасымыз­дың өзі батасын берген болатын. Қазіргі уақытта журнал 30 мың данамен тарайды. Бұл балалар  басылымы үшін төмен көрсет­кіш емес. Журнал балалардың сұранысы мен талабын ескеріп, жан-жақты таным­дық, әдеби-көркем мақалаларымен оқыр­ман­дардың ілтипатына бөленіп келеді. Балғын бояу шеберлерінің түрлі-түсті сурет­тері басылымның ажарын арттыра түсуде.  Шәкірттердің білімін үнемі дамы­тып отыруға мүмкіндік беретін тест сұрақ­тары шәкірттердің білімінің толығуына көмекші құрал болып отыр.
Сондай-ақ жыл сайын өткізіліп жүрген дәстүрлі бәйгелеріміздің орны бөлек. Оған ондаған оқырмандарымыз қатысуда. «Жүзден жүйрік атанған» оқырмандарымыз жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтарды қанжығасына байлауда. Бәйгеге қатысқан барлық оқырман арнайы дипломмен марапатталуда.
Тырнақалды шығармалары «Мөлдір бұлақ» журналында жарық көрiп, шығар­машылықтарын өрістеткеннен қаншама жас тілшілер мен суретшілер үлкен өмipгe жолдама алды. Осылай жас оқырмандарын қанаттандыра отырып, журналдың өзi де, қызметкерлері де көптеген жетістіктерге жетті. Соның бipi де, бipeгейі деп, 2006 жылы Қазақстан Журналистер академиясы­ның «Ең үздік балалар журналы» деген аталыммен «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алғанын айтар едік.
Қазақстан Журналистер одағы да, ақ­па­рат құралдарында жемісті қызмет атқар­ғаны үшін және журналдың 10 жыл толу мере­кесіне орай арнайы дипломмен мара­пат­тады. Дипломды Одақ төрағасы Сейіт­қа­зы Матаев тапсырды.
Сондай-ақ журнал мазмұн және көр­кем­дік тұрғыдан ғана жаңғырып, жетіліп қана қой­май, үстіміздегі жылдың алғашқы айы­нан бастап бет көлемін де көбейтті. Журнал бұрын 28 бет, орысша қосымша­сымен 32 бет болып шығып келсе, енді сәйкесінше қазақшасы – 32, орысшасымен 36 бетке көбейіп, тынысы кеңейді. Қазақ­тың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсарин­нің «Таза бұлақ» әңгімесінің үлгісімен аты «Мөлдір бұлақ» деп қойылған бұл журнал балалар мен жас жеткіншектерді бұлақ болып су­сын­датып, 10 жылдың көлемінде кең да­рия­ға татитындай мөлдір нәр мен құнар берген болар. Бірақ «Мөлдір бұлақ» бұған тоқмейілсімейді, алда да жас зиялыларға қызмет етіп, олардың талабы мен талантын ұштап, шыңдап, биік белес­терге жетелей береді. Жас ұрпақ «Мөлдір бұлақтан» су­сын­дасын.

«Мөлдір бұлақ» ұжымы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста