Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова осыдан біраз уақыт бұрын Instagram парақшасында болашақта өнерді түбегейлі қоятынын айтқан болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына келіп, осы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Маған сондай сұрақ қойған. Мен "мүмкін" деп жауап бердім. Сонымен ол желіде қатты таралып кетті. Сол себепті ол қате таралып кетті.
Осы 2023 жылы сахнада жүргеніме 19 жыл болыпты. Құдай қаласа, келесі жылы сахнада жүргеніме жиырма жылдық мерейтой.
Мысалы, мен 70-80 жасқа келгенде гастрольдік сапарда ұшып-қонып жүргім келмейді. Сол себепті болашақта болатын дүние. Мен хайп жасауға қарсымын. Себебі, хайп жасалған кезде, жазылатын жаман пікірге өзің себеп болып тұрасың", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, өнерді мүлде қоятынын айтқан болатын.
"Өнерді болашақты түбегейлі қоямын", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.