Мюзикл-концерт ұйымдастырылды

80 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық филар­мониясында алғаш рет «Ән-ғұмыр» атты мюзикл-кон­церт өтті. Мұндай ғала­мат концертті қою идея­сын Облыстық мәдениет бас­қар­масының бастығы Айнұр Саде­нова ұсыныпты. Осыдан кейін концерт қою үшін бір­шама мамандар тер төге еңбектенді.
Мюзикл-концерттің көркемдік жетек­ші­сі С.Жанпейісова, қоюшы режис­се­рі А.Мае­міров, сахна сайысын қою­шы Ж.Ахан, би қойылымдарын қою­шы­лар ҚР ең­бек сіңірген өнер қайрат­кері Б.Са­за­беков, ба­лет­мейстерлер А.Төре­бе­ко­ва, Г.Ис­маи­лов, А.Нұр­мана­лие­ва, Ж.Байсы­ма­қо­ва. Бүгінде облыста цирк ұжымы бар екенін көпшілік біле бермейді. Цирк ұжы­мының жетекшісі Т.Альчикенов тамаша қойылыммен көрермендерін тәнті етті. Мюзикл жанры арқылы режиссер А.Маеміров әртістерді сахна қозғалысына баулып, әннің ішкі табиғатына еніп, онымен тұтасып, ақын­ның да, композитордың да ойын халыққа жеткізу үшін алдын ала біршама дәрістер өткізген-тін. Нәтижесі жаман емес. Талабы жоғары ұстаздан тәлім алған шәкірттері өздеріне жүктелген міндетті жоғары дең­гейде ойнап шықты. Аталмыш концерт бары­сында «Наурызнама», «Дала дауысы», «Тараз – тарих бесігі», «Жас ғасыр – жаңа замана» тақырыптары бойынша төрт бөлімнен тұрады. Мюзикл-концерт­те режиссер ықпалымен әртістер күн мен түннің теңелу құбылысын, ән әлемінің адам­зат жүрегінде жаралуын, қазақ хал­қы­ның өмір тәжірибесінен салт-дәстүрлер мен айтыс жанры бойынша кешегі мен бүгінімізді қайта жаңғыртып, ғажайып тұ­тас­тық орнататын дәстүрлі өнер мен эстрада жанрын сабақтастыру арқылы керемет қойылым түрінде өтті. Жамбыл өңіріне ар­налған әндер орындалды. «Алатау» фоль­клорлық ансамблі, «Ақкербез» би­ші­лер ансамблі, «Сымбат», «Модерн балет» және «Қуаныш» би тобы, сондай-ақ «Ба­лауса» цирк ұжымы өнер көрсетті. Концертке арналып сахналық безендіру жұмыстары, қойылымдарға арналған кос­тюм­дер, аранжировкалар, музыкалық фон­дар жазылып, лэд экранға спектр масс эффектілер алынды. Тараздықтарды тәнті еткен тамаша кеш өтті осылай...
Емберді БАЙЖАН, Жамбыл облыстық филармониясының PR-менеджері:
– Мюзикл жанры – синтездік өнер, шығыстың төл өнері, бастауын Қы­тай­дан, Үндістаннан алады, кейін Ба­тыс­қа барып, одан бізге өңін айналды­рылып қайта келгені белгілі... Бүкіл жам­былдық өнер иелері атсалысқан айту­лы өнер кеші керемет өтті. Алдағы уақытта да оның тінін үзбей жалғастыру ойда бар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста