"Мен тоқал емеспін". Альмира Тұрсын жеке өмірі туралы қауесетке жауап берді

"Томирис" фильмінің басты кейіпкері, актриса Альмира Тұрсын жеке өмірі туралы қауесетке жауап берді,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Барлық мұсылмандарды Ораза Айтпен құттықтаймын! Оразаларыңыз бен дұғаларыңыз қабыл болсын!

Бұл ай мен үшін ерекше болды! Бұл өзімнің жеке өзгерісіммен, дұғалармен және өзім үшін маңызды нәрселерді орындауға шешім қабылдауыммен байланысты.

Мен туған әкеммен кездестім және бата алдым. Бұрынғы серігіммен сөйлестім, біз бірге өткізген өміріміздің қорытындысын жасадық.

Бұрыннан Назирамен кездесіп, сөйлескім келіп жүрген. Көпшілік мені "ажыратушы әйел" және "ажырасудың себепшісі" санайтынын білемін. Бұл мені мазалап жүрді. Сондықтан мыңдаған ой мен уайымның орнына жеке кездесіп, сөйлесуді шештім. Кеше Айт алдындағы ауызашарда біздің кездесуіміз өтті.

@nazirabakayeva-ға ықыластылығы мен маған уақыт бөлгені үшін, ашықтығы және шынайылығы үшін алғыс айтамын.

Алланың алдында бір-бірімізге деген сыйластық пен мейіріммен, жылы да жайлы ортада, шын жүректен, ризашылықпен барлығы жайлы әңгімелестік, жауаптар алдық, азаттық пен жеңілдік. Құдайға мадақ пен шүкір!

Мен ажырасудың себепшісі болмадым. Олардың жеке себептері болды. Мен бұрынғы күйеуіммен басқа біреу үшін ажыраспадым. Біздің жеке себептеріміз болды. Мен тоқал емеспін, екінші әйел емеспін. Назира екеуміздің бір-бірімізге ренішіміз жоқ. Біз жеке тұлға ретінде бір-бірімізді құрметтейміз. Әңгімелесіп, дос боламыз!  

Сондықтан, құрметтілерім! Біреуді талқылап, кінәлап, жала жаппайық! Өйткені, біз Құдай емеспіз, адамбыз, біз басқалардың жүрегін көре алмаймыз және өмірін біле алмаймыз. Бір-бірімізге мейірімді болып, өзгенің сезімін, қарым-қатынасын сыйлап, қадірлейік! Әумин", - деп жазды актриса өзінің инстаграм парақшасында.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде "Қазақфильм" басшысы мен актриса Альмира Тұрсынның арақатынасы туралы қауесеттер тараған болатын. Себебі екеуі де бірдей дерлік мезетте ажырасқаны талқыланды. 

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева былтыр қарашада Instagram-дағы парақшаларында ажырасқанын мәлімдеген еді. Бес баланы тәрбиелеп отырған олар жақын дос болып қалғанын айтқан.

Massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста