«Меломен» тобының ендігі жердегі экс-мүшесі Жігер Ауыпбаев ауыр халде жатыр екен. КТК арнасының хабарлауынша Жігердің екі бүйрегі бірдей жұмыс істемей қалған.
Әншіге шұғыл түрде бүйрек ауыстыру операциясын жасату қажет. Ал мұндай ауыр ота Қазақстанда жасалмайды. Жігер жақын күндері Түркияға жол жүреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын әнші сайтымыздағы «Неге солай?» бағдарламасына қатысып «Меломен» тобынан не себепті кеткенін айтқан болатын.